• Басты
  • Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек
21 Қазан, 2019 15:10

Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек

Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасына жазды.
Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек

"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деді мемлекет басшысы жазбасында.

Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған еді. Экс-Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік тіл кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшетін болады. Іс-қағаздары, баспа және оқулықтар 2025 жылға қарай ауысуы тиіс.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды