- Басты
- Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
Парламенттің жетінші шақырылымында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қ.Тоқаев сайлау нәтижелеріне көңілі толмаған тұрғындардың наразылығы туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ол келесі сайлауда Парламентке өтетін партиялардың үлесін 7 пайыздан 5 пайызға түсіру керектігін айтты. Сонымен қатар сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген тармақ та болуы қадағаланады. Президенттің айтуынша, әр сайлаудан кейін қоғамда наразылық пікірлердің болуы қалыпты құбылыс.
Президент алда тұрған басым бағыттардың негізгісі ретінде адам құқығының қорғалуын және құқықтық мемлекет қалыптастыруды атады.
«Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат. Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек. Біз құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл өте өзекті міндет. Соған орай мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағағы реформалар жүйелі, байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды», - деді ҚР Президенті.
Президент жаңа басымдықтарды айта отырып, жастар сасатын жетілдіру, волонтер туралы, адам құқықтары мен «Омбудсмен туралы» Заңның маңыздылығына тоқталды.
«Негізгі мәселелер өңірлерде. Омбудсмендер институты өңірлерде болу керек. Бала құқықтарын қорғау да басты назарда. Олардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік басты міндеті. Балалар арасында кездесетін суицид пен буллингтің алдын алу мемлекеттік деңгейде орындалы тиіс. Ерекше балалардың инклюзивті дамуын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Біздің алдымызда әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұр. Мейлінше осал топтағы азаматтарды қолдау мемлекеттің басымдығы болуы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік атаулы көмек пен оны алу барысындағы тиісті талаптарды күшейту керек. Қайырымдылық жүйесінде шаралар біріздендіріледі» деді Қ. Тоқаев.
Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау және ол орындалғаннан кейін аудан әкімдерін де сайлау туралы басымдықты айтты. Елді-мекендердің жағдайын жақсарту, ауылдардағы жол сапасын қамтамасыз етуге назар аударды.
«Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», - деді ол.
Мемлекет басшысы Парламенттің екі міндетін атады.
Парламенттің алдында екі міндет тұр. Біріншісі – заң жобаларын әзірлеу, екіншісі – қоғамда даулы мәселелерді шешу.
«Біз ұлттың жасампаздық әлеутін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз. Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», - деді Президент.
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі
-
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек
-
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды

