• Басты
  • Тоқаев: Мемлекет әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады
6 Ақпан, 2020 15:15

Тоқаев: Мемлекет әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев: Мемлекет әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады

Кездесуге "Green TAL" әлеуметтік шеберханасының басшысы, "Best for kids" қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, "Дастархан" ЖШС директоры Елена Мащинская, "Қамқор отау" әлеуметтік жобасының директоры, "Тренинг-Кафе" әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты.

Бапасөз хабарламасында: "Кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен  оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді", делінген.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, Қазақстан Президентіне биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Президенттің айтуынша, мемлекет бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсете береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды