• Басты
  • Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ

Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ

8 Сәуір, 2021 13:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырады. Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фэйсбук парақшасында жариялады.

«Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті», делінген жазбада.

Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді.

Барлық жаңалықтар