- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
Бүгін Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының шешімдерін және Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына Жолдауын іске асыру тұрғысынан мемлекет Ассамблеясының жаңа міндеттері талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Отырыста Түркістан облысында этносаралық ахуал талқыға түсті. Мемлекет басшысы статистика бойынша Түркістан облысында түрлі тұрмыстық жанжалдар аз еместігін алға тартып, мысал ретінде Шорнақ, Қарабұлақ елді мекендерінде болған оқиғалар туралы айтып өтті. Оның сөзінше, тұрмыстық деңгейдегі осындай жағдайларға баса мән берілу керек.
«Ең алдымен мұндай оқиғалар ұлттық сипатқа ұласпауы қажет. Сондай-ақ, Түркістан облысында Достық үйін ашу керек. Мұндай үйлер өңірлердің бәрінде бар. Мұндай үйлер салтанатты мәжілістердің залына айналмауы керек. Достық үйлері сарапшыларды шақырып, туындайтын проблемаларды практикалық тұрғыда талқылай алатын халық өкілдерін қабылдауы керек», - деді Мемлекет басшысы.
Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай оқиғалардың алдын алу үшін 2019 жылдан бастап этносаралық шиеленістерді тікелей зерттейтін мониторингтік орталық жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Онда жүйелі әлеуметтік желіден, азаматтардың берген өтініштерінен, шұғыл мәлімет жинайтын қоғамдық орындардан ақпарат жинап қызмет етіп жатырғанын айтып өтті.
«Соның нәтижесінде 2019 жылы Шорнақ елді мекенінде осындай тәуекел бар екеніне көзіміз жетті. Сол жерде тиісті шаралар қолданып, екі жақты қарияларын жинап, олармен мәслихат өткізіп, сол жердегі құқық қорғау органдарының жұмысын нығайтып, әрекет жасадық. Нәтижесінде, 2020 жылғы кикілжің де қантөгіс те болмады» - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, ол Президенттің ескертпесі бойынша Түркістан өңірінде жаңа Достық үйі салынатынын жеткізді.
«Сіздің айтқан ескертпелеріңізді ескере отырып, жаңа үлгідегі Достық үйін саламыз деп ойлаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.
Жиында мемлекет басшысы қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігі туралы айтып өтті.Оның айтуынша, әр өңірдің ішкі саясат басқармасынан жеке бөлімдеріне қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыру қажет.
«Өз құзіретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. Қоғамдық келісім мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз. Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол өз сөзінде білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс екендігін тілге тиек етті. Осы орайда, балалардың бірнеше тілді білу қажеттілігін атап өтті.
«Мектеп түлектеріміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл үшін олар мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін де білуі керек. Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанда саналуан этнос өкілдері тұратынын айтып өтті. Оның айтуынша, осы орайда әлеуетіміз артып, береке-бірлігіміз нығая түсуде.
«Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек. Бұл жүк – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Жалпы ұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басыт кепілі», - деді ол.

-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын
-
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру

