• Басты
  • Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
24 Ақпан, 2020 15:39

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық комиссия алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары жайында, оның ішінде Қазақстанмен одақ арасындағы ықпалдастық туралы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мясниковичті жаңа қызметімен құттықтап, ол жетекшілік ететін Комиссия еуразиялық интеграцияны одан әрі тереңдетуде үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

– Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі маңызды орган саналатын ұйымның жұмысын жетілдіруде Беларусь Үкіметі мен Парламентінің жетекшісі, Ғылым академиясының президенті болған мол тәжірибеңізді, біліміңіз бен құзыретіңізді пайдаланатыныңызға еш күмәнданбаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі Келісімнің осыдан 5 жыл бұрын Елордада жүзеге асқанын атап өтті.

– Одақ өз дамуында үлкен жолды артта қалдырды. Әрине, оны даңғыл жол дей алмаймыз. Сондықтан жетістік те, кемшілік те болады. Дегенмен Еуразиялық экономикалық одақ өз міндетін ақтады деп есептейміз. Одаққа мүше мемлекеттердің ерік-жігеріне қарай аталған ұйым алдағы уақытта да дами береді, – деді Мемлекет басшысы.

Михаил Мясникович өзінің кандидатурасы Еуразиялық экономикалық комиссиясы төрағалығына ұсынылғанда Президенттің көрсеткен қолдауы мен сеніміне алғыс айтты. Сондай-ақ осы қызметте атқаратын жұмысының жоспарымен бөлісті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды