• Басты
  • Тоқаев: "BIZ BIRGEMIZ" - біздің қоғамның жаңа ұраны
23 Маусым, 2020 11:26

Тоқаев: "BIZ BIRGEMIZ" - біздің қоғамның жаңа ұраны

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы өтіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тоқаев: "BIZ BIRGEMIZ" - біздің қоғамның жаңа ұраны

Аталмыш іс-шараның мақсаты - білімберу, денсаулықсақтау, әлеуметтік қорғау саласында жемісті жұмыс жасайтын және пандемия мен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды мадақтау.

Форум аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирге қосылып, қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға шақырды. Сонымен қатар ол өз сөзінде коронавирус инфекциясын жұқтырып қайтыс болған жандардың отбасыларына көңіл айтып, науқастарға тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдірді. 

"Әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Қазақстанда күрес шаралары жүргізілуде. Бұл өте ауқымды әрі өте күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Корнавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған "Біз біргеміз" қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты "Нұр Отан" партиясы белсенді түрде жүзеге асыруда. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді. Дегенмен бұл аса жұқпалы дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіруде. Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын", - деді президент. 

Сонымен қатар мемлекет басшысы әр адам өзі мен жақындарының денсаулығына мұқият болуы керегін айтып, індетті жеңу - әр азаматтың өз қолында екенін атап өтті. 

"Бұл ең алдымен қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде киіп жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды Өйткені, бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулығы үшін аса қажет. Тағы қайталап айтқым келеді, сақ жүрсең, сау жүресің. Сол себепті азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараларды жедел түрде қолға алдық және осы жұмысты әрі қарай жалқастыра береміз. Ынтымақ, беріктік, жанашырлық – бұл халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Дәл осы қасиеттер халқымызды тарихтағы небір қиын кезеңдерден алып шықты. Басымызға қиындық түскен кезде біздің жұдырықтай жұмылған бірлігіміз шыңдала түседі. Бір біргеміз. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны. Біз күн сайын еліміз бойынша медицина, полиция, қарулы күштер қызметкерлері, еріктілер мен қайырымдылық жасайтындардың түрлі ерлігіне куә болып жатамыз. Мен бүгін ең алдымен, сіздерге алғыс айтмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар форум барысында онлайн режимде  еліміздің әр аймағындағы  денсаулық сақтауда, білім беруде, әлеуметтік қорғауда, сондай-ақ пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс көрсеткені үшін республика бойынша түрлі қоғамдық саланыңы 343 маманы "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Оның ішінде 60 дәрігер және 39 полиция қызметкері "Халық алғысы" медалінің иегері атанды. Елордадағы мамандарды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида. Балаева марапаттады. Сонымен қатар айта кету керек форум жұмысына ІІМ, МСМ, ЕХӘҚМ, БҒМ, МҚІА бірінші басшылары, барлық облыс әкімдері бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды