- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты. Олар біздің халқымыздың мақтаныштары, өзге елдер Қазақстанды осы азаматтар арқылы танып, бағалайды.
Мемлекет басшысы терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтардың елімізді алға жетелейтініне сенімді. Президент Тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалады.– Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін, – деді Президент.
Президент қоғамдағы бірлік пен келісімнің, барша қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің арқасында дамуда айтарлықтай алға ілгерілегенімізді атап өтті.– Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Осы уақытқа дейін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын таныды.– Бұл жерде біздің жетістіктерімізді көрсететін көптеген сандар мен деректерді мысалға келтіруге болады. Бірақ барлық табыс адамдардың берекелі өмірімен, жеткен жетістігімен және кемел келешекке ұмтылысымен өлшенетінін есте ұстауымыз керек. Сіздер еліміздің байлығы екендеріңіз сөзсіз. Өсіп-өркендеген, әділетті, дамыған Қазақстанды құру сіздерге жүктеледі. Сондықтан адам капиталын жан-жақты дамыту біздің мемлекетіміздің басты басымдығы болған және солай бола бермек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жобаның әрбір қатысушысына қарата айтқан сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев олардың жетістігі Қазақстан табысының көрінісі екенін, олар өздерінің патриоттық әрекеті арқылы барша қазақстандықтарды ынталандыратынын атап өтті.– Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана «Grammy» сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет шығармашылыққа, білім мен ғылымға, жастарды қолдауға баса назар аударып отыр. Осы жолда тиімді әлеуметтік лифт қалыптастырудың орны бөлек. «Болашақ» халықаралық стипендиясы, Президенттік жастар кадрлық резерві өскелең ұрпақтың ел дамуына өз үлесін қосуына мол мүмкіндік беріп отыр.– Сіздердің жетістіктеріңіз кез-келген статистикадан артық. Осынау керемет жоба сіздерді одан әрі дамуға ерекше талпындырып, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идеяларды іске асырудың кең көкжиектерін ашты деп сенемін. Еліміз өзінің дарынды жастарының көптігімен мақтана алады және мақтануға тиіс. Қазақстанның болашағы сіздердей прогрессивті, талантты, патриот жастардың қолында. Сіздер мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болуларыңыз керек. Ал біз, яғни аға толқын, осы айтқан сөзіміздің шындыққа айналуы үшін барлығын жасаймыз, – деді Президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, креативті индустрияны дамытудың тиімді бір тәсілі ретінде заманауи қазақстандық айдентиканы қалыптастыру қажет.– Біздің ұлтымыздың бойында креативті индустрияны дамытудың аса зор мүмкіндігі бар. Дәл қазір креативті экономика миллиардтаған доллар инвестиция тартудың, тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік өркендеудің бірден-бір жолы. Қазақстан мәдениетінің өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жоба қатысушыларының идеясы мен ұсыныстарын іске асыру үшін оларды орталық мемлекеттік орган басшыларымен жүйелі түрде кездестіріп тұру қажет деп санайды.
Онлайн форматта өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ, ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.– «Жүз жаңа есім» жобасы қазақстандық арманның анық іске асқанын көрсетеді. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсатшыл адам осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі. Халқымыздың мерейі де үстем болады. «Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты да – осы. Қазіргі заман – білім мен ғылымның дәуірі. Санасы сергек, ойы ұшқыр жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Мен Қазақ елінің жастарына сенемін! – деді Мемлекет басшысы.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы

