- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын
Бүгін XVII Еуразиялық медиа форумның екінші күнінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

«Сіздерді XVII Еуразия медиа форумsyда көргеніме қуаныштымын. 19 жыл ішінде форум бүкіл аймақтың жетекші медиаплатформаларының біріне айналды. Бұл шара дәстүрлі түрде талантты журналистер мен медиаменеджерлерді, танымал саясаткерлер мен беделді сарапшыларды біріктіреді. Ал форумда талқыланатын мәселелер ауқымы медиа саласынан әлдеқайда асып кетті», делінген құттықтау хатта.
Сонымен қоса, президент тұтастай қамтылған жаһандық трансформация, іргелі өзгерістер мен әлеуметтік процестер кезеңінде барынша өткір мәселелерді ашық талқылап, оларды шешу жолдарын бірге табу бұрынғыдан да маңызды боп отырғанын жеткізді.
«Коронадағдарыстың басталуымен бүкіл әлемде сапалы ақпаратқа қоғамдық сұраныс күшейе түсті, жалған ақпаратпен күресудің шұғыл қажеттігі туындады. Форум осы бағыттағы өзекті үрдістер мен тәсілдерді талқылауға тамаша мүмкіндік береді», - деді Президент хатында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа реалиялар медиасфераның алдына жаңа міндеттер қойып отыр, оның болашағы аталған міндеттердің шешілуіне байланысты. Цифрландыру процесі де айтарлықтай жеделдеді. Аудиторияның қалауы мен әдеттері жылдам өзгеруде, ақпарат берудің жаңа форматтары пайда болып, әлеуметтік желілер өзгеріп келеді.
«Бұл мәселені кәсіби тұрғыдан талқылау БАҚ-тың дамуына жаңа серпін береді деп есептеймін. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия да мазмұнды болатынына сенімдімін. Қазақстанның жүйелі жаңғыру жолы мен халық бірлігін сақтаудың бірегей тәжірибесі ерекше назар аударуға лайық. Біздің мемлекетіміздің стратегиялық бағытының маңызды құрамдас бөлігі – ашық диалог пен жан-жақты әріптестік. Бұл ретте форум заманауи медиатрендтерді ұғынуға ғана емес, халықаралық форматтағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге де ықпал етеді деуге болады. Қазақстан әрдайым сындарлы күн тәртібін ілгерілетуге мүдделі және барлық салада, соның ішінде медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын», - делінген құттықтау хатта.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді

