• Басты
  • Тоқаев Алматы облысының инспекторына браконьерлікпен белсенді күресі үшін алғыс айтты
22 Мамыр, 2020 17:01

Тоқаев Алматы облысының инспекторына браконьерлікпен белсенді күресі үшін алғыс айтты

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмада Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат тапсырды, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.


Тоқаев Алматы облысының инспекторына браконьерлікпен белсенді күресі үшін алғыс айтты

"Бүгін ел Президентінің тапсырмасымен, Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қ.Тоқаевтың атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым", - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

"Мемлекет басшысы инспектордың республикамыздың табиғи байлығын сақтауға қосқан айрықша үлесін атап өтті. Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері инспекцияда табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен  ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да қатысуда", - деп атап өтті министр.

Экология министрлігінің басшысы инспекторға "қазақстандықтардың тұма табиғаттың көрікті келбетін тамашалауына мүмкіндік туғызып жүрген айрықша еңбегі үшін" ризашылық білдірді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды