• Басты
  • Тоқаев: 13 шілде ұлттық аза тұту күні
8 Шілде, 2020 20:55

Тоқаев: 13 шілде ұлттық аза тұту күні

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  бүгін тікелей эфирде республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты. 

Тоқаев: 13 шілде ұлттық аза тұту күні

"Әр қазақ менің жалғызым" дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, - деді президент.
 
Мемлекет басшысы бұнымен күрес тоқтамайтынын айтты.
Біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсені түсіруге болмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жарсымай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек, - деді ол.  Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды азаматтардың әрекеттері орын алды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды, - деді ол.
Тоқаев күрделі жағдай кезінде ел арасында көп жалған әңгіме тарап жатқанын айтты. 

Тағы бір маңызды мәселе – дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек, - деді президент.

Мемлекет басшысы  Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын, құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатынын еске салды.
Сол сияқты дәрі-дәмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес, жауапқа тарта бастады. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай тиісті қор жасақталған, төсек-орындары, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Барлық жаңалықтар