• Басты
  • Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды
25 Тамыз, 2020 12:42

Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Инстаграм парақшасында хабарлады.

Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды
«Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады», - деп жазды ол.

Оның сөзіне сүйенсек, жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.

Фото: Ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар