• Басты
  • ТМД-дағы алғашқы Pata Travel Mart Қазақстанда өтеді
16 Қыркүйек, 2019 16:34

ТМД-дағы алғашқы Pata Travel Mart Қазақстанда өтеді

18-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Көрме орталығында Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
ТМД-дағы алғашқы Pata Travel Mart  Қазақстанда өтеді

Көрмеге әлемнің 60 елінен туристік индустрияның 1000-нан астам өкілі қатысады. РТМ 2019 көрмесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған.

Іс-шара аясына көрме, іскерлік кездесулерге арналған нетворкинг-платформа және іскерлік екі форум кіреді. PATA Travel Mart жергілікті және халықаралық туристік нарық ойыншыларына арналған коммуникациялық, іскерлік және нетворкинг алаң болмақ. Көрме қазақстандық туроператорлар мен бизнес-қауымдастық үшін, отандық және шетелдік турөнімдерді дамыту мақсатындағы халықаралық байланысты нығайтудың бірегей мүмкіндігі.

«ТМД кеңістігі мен Еуразияның еуропалық бөлігінде РАТА көрмесін алғаш рет өткізу құқығын Қазақстанның жеңіп алғанына аса қуаныштымыз. Мемлекет тарапынан Қазақстанда туризмді дамыту бағытындағы көптеген іс-шаралар атқарылуда; біз елімізде туристік бизнеске арналған платформаны қалыптастырып жатырмыз. Мысалы, 72 сағатқа визасыз режим енгіздік, туристердің келуіне жағдай жасауды жалғастырудамыз», - деп ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова атап өтті.

РАТА президенті Доктор Марио Харди, туристік болашақ Азияның еншісінде болғандықтан Қазақстанға осындай іс-шараларды жалғастыру қажет екеніне назар аударды. Марио Харди туристік әлеуетті дамытуда еліміздің дұрыс жолды таңдағанын айтты.

Kazunion туроператор-компаниясының негізін қалаушы Лаура Галиеваның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда туристік бизнесті алға жылжыту үшін РТМ 2019 тәрізді іс-шаралардың тиімділігі өте жоғары:

«Осы іс-шара – Қазақстанның туристік бизнесі үшін аса тиімді. Мен үшін РТМ – Қазақстанға сырттан келушілер туризмін дамытудың жаңа құралы. Қазіргі таңдағы жылдам өзгеретін әлемде басқа елдер бизнесінің Қазақстандық бизнеспен тікелей кездесуі аса маңызды, себебі туризм – адамдармен байланысты бизнес, мұнда қарым-қатынастың рөлі өте жоғары. Көрме осындай мүмкіндікті ұсынып отыр», - деді Лаура Галиева.

Іс-шараның бағдарламасында көптеген шара қамтылған және толық үш күнге есептелген.

18 қыркүйек 2019 жыл ҚАЗМЗУ-да «Басынан аяғына дейін: тарих бізді қалай байланыстырады» жастар симпозиумы болады. Симпозиумға ортақ мақсаты туризм саласының негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосу болып табылатын қатысушылар жиналады.

19 қыркүйек 2019 жыл Travel Weekly Group-пен бірге ұйымдастырылған Travolution Forum Asia өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар «Азия-Тынық мұхиты туристік индустриясындағы Triple-Bottom Line Impact-іге арналған корпоративтік инновациялар», «Сыртқы әлемге қарай бет бұру», «Овертуризмге Digital Solutions» және «Тұтынушылардың мінез-құлқы қалыптастырған тәжірибелік деректер» тәрізді тақырыптарды талқылайды.

Осы күні контент-маркетинг бойынша UpThink-пен бірге ұйымдастырылған екінші форум өтеді. Сарапшылар мен контентті жасаушылар тобы өзекті үрдістердің дамуын талқылайды.

PTM 2019 спикерлерінің қатарында BBC Global News-тің жарнаманы сату жөніндегі вице-перзиденті(Сингапур, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтары) Джон Уильямс, Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер, iFree Group-тың Корпоративтік даму және коммуникация жөніндегі вице-президенті Тони Смит және басқалары бар екенін атап айтамыз.

PATA Travel Mart 2019 аясында PATA Gold Awards 2019 марапатын табыстау жоспары да бар.

Қазір іс-шараға 32 елден 250-ден астам селлер жұмылдырылған, олар өз класындағы үздік өнімдер мен қызметтерді, ерекше тағамдар мен Жапониядағы «фото-каникулдан» Қытай мұрасына саяхатқа дейін көрсетеді.

Айта кетейік, PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық авиакомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды