• Басты
  • Өтініштер қабылданбайды - министр 42500 теңге туралы
11 Мамыр, 2020 16:36

Өтініштер қабылданбайды - министр 42500 теңге туралы

11 мамырдан бастап 42500 теңге алуға жаңа өтініштер тоқтатылады. Ал 11 мамырға дейін берілген өтініштердің барлығы  қаралып, тәртіпке сай болса, міндетті түрде төленеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Өтініштер қабылданбайды - министр 42500 теңге туралы
«42500 теңге - төтенше жағдай кезінде шектеулерге қатысты жұмыс істеп жүрген азаматтардың табысынан айырылуына қатысты тағайындалған төлем. Осы күнге дейін 4 млн 539 мың адамға 193 млрд теңге төленді. Оның ішінде ТЖ –ның алғашқы айында 16-сәуірге дейін өтініш берген азаматтар 3 млн 735 мың адам екінші айда да төлем алады. Ол төлемді іске мамыр айының басынан бастап асырып жатырмыз. 5-6 мамыр күні 2 млн-ға жуық адамның шешімдерін рәсімдеп, 99 млрд теңгені банктерге жібердік. Демалыс күндері банк істемеген соң, адамдар төлемдерін алуды   бүгіннен бастап жалғаса береді», - деді ол.

Министр төтенше жағдайдың аяқталуына қатысты төлемнің беріле ме екенін айтты.

«11 мамырға қатысты, бүгін ТЖ мерзімі аяқталды. Бүгіннен бастап жаңадан 42500 теңгені алуға өтінімдер қабылданбайды. 11-мамырға дейін берілген өтініштердің барлығы  қаралып, тәртіпке сай болса, міндетті түрде төленеді», - деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100