- Басты
- Жаңалықтар
- Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Жолдауда азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы білім беруді ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамытуға көбірек назар аударылды. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жолдауда айтылған медицинаға қатысты мәселелерге пікір білдіріп, басқарманың жұмысы туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Басқарма басшысы президенттің Қазақстан халқына жолданған биылғы Жолдауында көптеген сұрақтар бүкіл әлемге қауіп төндірген – коронавирус пандемиясынан кейін Қазақстанның жалпы экономикалық және әлеуметтік мәселелерін жақсартуға арналғанын тілге тиек етті. Соның ішінде, оның пікірінше, денсаулық сақтау саласы мен медициналық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударған.
«Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды қадағалау, аурудың өршуіне жол бермеу, халықты дәрі-дәрмекпен қамту және медицина мамандарын даярлау мен оқыту маңызды бағыттарға тоқталды. Президенттің бұл тапсырмаларын орындау мақсатында халыққа сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету үшін елордалық медицина саласында елорда әкімдігі мен басқарма арасында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр», - деді Тимур Мұратов.
Сондай-ақ, ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласында орасан зор жұмыс жүргізілгенін айта өтті.
«Қалыпты өмірімізге, сондай-ақ біздің қызметімізге біраз өзгертулер енгізген коронавирустық пандемияға қарамастан негізгі міндеттер мен мақсаттарды орындала берді. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ағымдағы өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес елордалық денсаулық сақтаудың барлық медициналық ұйымдарын қайта құру толығымен аяқталды», - деп толықтырды ол.
Оның мәліметінше, жоспар бойынша №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға негізінде 250 төсек-орынға арналған акушерлік блок салынады. Қазірде оның эскиз жобасы мақұлданып, қажетті технологиялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі әзірленіп жатыр. Оның айтуынша, аталмыш мекеменің құрылысын 2023 жылда аяқтау жоспарда тұр.
Сонымен қатар, басқарма басшысы 2020 жылы Сарыарқа мен Байқоңыр аудандарында 2 жаңа ірі емхананың жобасы мен құрылысы басталғанын жеткізді.
«Есіл және Алматы аудандарында мұндай нысандардың құрылысына жеке инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Нысандар 2022-2023 жылдары пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 800 орындық университеттік көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда. №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және босану бөлімшелерін салу мен қайта жаңартудың тұжырымдамасы әзірленді», - деді басқарма басшысы.
Дегенмен, оның мәліметінше, қазіргі таңда кадр тапшылығы елордалық медицинада айқын байқалып тұр. Алайда, ол басқарма мәселені шешу жолдарын қарастырып жатқанын атап өтті.
«Бірнеше жыл ішінде алғаш рет медициналық қызметкерлерді 21 сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентурада оқытуға 551,3 миллион теңге бөлінді (287 грант). Қазіргі уақытта осы мамандықтарда 274 адам білім алуда. Медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 250 әлеуметтік тапсырыс орнына гранттар бөлінді», - деп түйіндеді ол сөзін.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар

