• Басты
  • Тергеу ісінің 18% электронды форматта жүргізіліп жатыр
30 Қыркүйек, 2019 16:50

Тергеу ісінің 18% электронды форматта жүргізіліп жатыр


Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов қазіргі таңда республика бойынша тергеу ісінің 18% электронды форматта жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Тергеу ісінің 18% электронды форматта жүргізіліп жатыр

"Біз құқықбұзушылық тіркелген кезден бастап сот шешімі шыққанға дейін барлық қылмыстық сот ісін жүргізу процесін электронды форматқа көшіруді қолға алдық. Бүгінгі таңда тергеу ісінің шамамен 18%   электронды форматта жүргізілуде. Бұл 2018 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 17,1% -ға жоғары. Енді жазаның орындалу үрдісі де электронды форматқа көшіріледі",- деді ол.

Сонымен қатар, Бағлан Бекбауовтың айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін барлық санаттағы қылмыстар бойынша тергеу ісін автоматтандыру жоспарлануда.

"Жалпы 2018 жылдан бастап электронды тергеу ісі теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша, ал 2019 жылдың басынан бастап орташа ауырлықтағы қылмыстарды тергеумен айналысуда. Бұдан бөлек, 2021 жылдың аяғына дейін барлық санаттағы қылмыстар бойынша тергеу ісін автоматтандыру жоспарлануда",- деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, прокуратура мен мемлекеттік органдардың күнделікті мәселелерін оңай шешу мақсатында "Аналитикалық жобасы" құрылған. Бұл жоба оларға мемлекеттік деректер қорындағы үлкен көлемдегі ақпаратты бір платформада өңдеуге және талдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жоба- "е-Өтініштер" жобасы  мемлекеттік органдардың азаматтарын өтініштерін қарауға, талдауға мүмкіндік береді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды