• Басты
  • Темiржол билетiн қайта сататын делдалдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады
16 Қаңтар, 2020 17:20

Темiржол билетiн қайта сататын делдалдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады

Жаңа заң жобасы бойынша темiржол билетiн қайта сататын делдалдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын болады. Бұл туралы  “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi Темiржол көлiгiндегi бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай мәлiм етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Темiржол билетiн қайта сататын делдалдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады

Оның айтуынша, “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне темiржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” жаңа заң жобасы 4 маңызды мәселені шешуге бағытталған. 

"Заңның негізгi мақсаты мен мiндеті 4 өзектi мәселенi шешу болып табылады. Жаңа құжат бойынша, біріншіден, жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету, жүктердiң жасырын транзитінің алдын алу, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды есепке ала отырып кірме жолдардың қызметтерін реттеу және төртiншiсi - теміржол билеттерін заңсыз сату, қайта сату фактiлерi бойынша жауапкершiлiктi күшейту", - дейді басқарма басшысы.  

Көлік комитеті Темiржол көлiгiндегi бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай атап өткендей, бұдан былай жол жүру билеттерiн заңсыз сату және қайта сатқан жағдайда делдалдар 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішпен әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

"Аталған заңның мақсаты - темiржол билеттерін заңсыз сату, қайта сату фактілері бойынша тиісті шараларды күшейту. Заң жобасы бойынша, және жеке тұлғаларға жол жүру билеттерін заңсыз сату және қайта сатқан жағдайда 100-ден 500 айлық есептік көрсеткіш әкiмшiлiк жауапкершілік көзделген. Бұл норма жол жүру билеттерін заңсыз сату, сатып алу мен және темiржол вокзаллдарында делдалдармен күресу шараларын едәуiр күшейтуге мүмкiндiк бередi", - деді Елдос Нестай.

Сонымен қатар басқарма басшысы жаңа заң жобасы бойынша темiржол жолаушылар тасымалы шығыстары мемлекет бюджетi тарапынан субсидияланады. 

"Бұл вагондарды жалғау, күтiп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы локомативтi тартқыш және магистральдi желі қызметтерi. Шығыстың басқа бiр бөлiгiн Қазақстан темiржолы жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетiлетiн қызметтерге төмен тариф орнату арқылы жабады. Бұл iшкi кросс субсиядиялау деп аталады.  Аталған схемада ақша ағындарын таратудың бір ортаға бағытталуы және ашықтығы жоқ болып табылатын жүйенi ашық етіп жасау үшiн заң жобасы мен жолаушылар локомативтері атты жолаушылар қозғалысындағы жеке операторын құру нормаларын құру анықталған. Бұл заңды тұлға локомативтiк тартқыш қызметтерін өтеуге арналған субсиядиялардың тiкелей алушысы болып табылатын болады", - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуы бойынша, жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету арқылы жолаушылар тасымалын субсидиялау механизмiн бiрыңғай стандартқа келтiрiледі.

"Бюджеттен қосымша қаржы қарастырмай, кросс субсидиялаудан бас тарту үшін жолаушылар тасымал жолаушыларын қолдауға жүк тасымалдаушының теңгерiмдеуші, яғни, баланстық төлем енгізлетін болады. Бұл жолаушылар тасымалының нақты шығындарын көруге мүмкіндік береді. Нәтижесiнде субсидияларды әкiмшiлендiру жақсарады, локомативтiк тартқыш қызметтерiне арналған шығыстарды есепке алудың ашықтығы артады. Осылайша жолаушылар тасымалын субсидиялау механизмін бiрыңғай стандартқа келтiрiп отырмыз. 

Сонымен бiрге ол аталған заң жобасына өзгерiстер мен түзетулер енгiзу арқылы транзиттік тасымалдар табысын ұлғайтуға мүмкiндiк берeтiнiн және де бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейтiнiн атап өттi.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды