• Басты
  • Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді
3 Желтоқсан, 2019 17:16

Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді

Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді. Бұл туралы темір жол жолаушылар тасымалы саласында билет сату жүйесін дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдықөзов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді

"Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді. 2018 жылы 15 млн-нан астам билет  сатылған. Оның жалпы көлемінің 69%-ы электронды түрде ресімделген және 4,8 млн билеті интернет ресурстар арқылы сатып алынған, бұл барлық көлемнің 20 пайызын құрап отыр. Ал 2019 жыл туралы айтсақ, биыл билеттердің 80 пайызы электронды форматқа енгізілді. Ағымдағы жылы 15,9 млн билет сатылған, он бір айдағы қорытынды бойынша интернет арқылы 5 млн-нан астам билет рәсімделген. Бұл барлық билеттің 30 пайызы", - деді Асылхан Қалдықөзов.

Сонымен қатар ол темір жол билетін "Электронды күту парағы" арқылы сатып алуға мүмкіндік берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, ТМД елдері арасында теміржол саласында бұл қызмет алғаш рет Қазақстанда енгізіліп отыр.

"Осы жылы темір жол билетін "Электронды күту парағы" арқылы сатып алуға мүмкіндік берілді. Қазіргі таңда сатып алатын бос орындар болмаған жағдайда, жолаушының "Күту парағы" тізіміне тіркелуге мүмкіндігі бар, ал бос орындар пайда болған кезде жүйе кезектегі жолаушыға пайда болған бос орынды ұсынады. "Күту парағы" қызметі іске қосылған күннен (2019 жылдың 10 шілдесінен) бастап осы уақытқа дейін жаппай тасымал кезінде (қауырт кезде) 85 мыңға жуық билет сатып алынған. Осы орайда атап айтарымыз, ТМД елдерінің темір жол көлігі саласында бұл қызмет алғаш рет Қазақстанда енгізіліп отыр", - деді ол.

Сонымен бірге оның сөзіне сүйенсек, ТМД елдері арасында Қазақстан теміржол әкімшілігі электронды-цифрлы билет сату түріне толық көшкен. Сонымен қатар ол "Мобиус" жүйесіне тоқталып өтті.

"Мобиус" жүйесі өте тиімді, халық үшін ыңғайлы болып отыр. Әр жолаушығ вокзалға келіп кассааның алдына сағаттап кезекке тұрғаннан, үйәнде интернет арқылы не болмаса қазір көптеген сауда орындарында терминалдар бар, солар арқылы сатып алу ыңғайлы. Жүйені одан әрі дамытамыз, мобильді қосымшасын жасаймыз. Жолаушылардан, сарапшылардың ұсыныстары болса, біз оларды қарауға дайынбыз. Бізде 6 мыңға жуық жолсерік және мыңға жуық билет сататын кассир жұмыс істейді. Жыл басынан бері 375 адам тәртіп бұзып, жазаға тартылған. Оның ішінде 175 қызметкермен жұмыс бойынша келісім-шарт тоқтатылды", - деді Асылхан Қалдықөзов.

Бұдан басқа мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық тобына жеңілдіктер енгізілген. Мәселен, оның айтуынша, олар 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады.

"Жолаушылардың жол жүру жағдайын жақсарту мақсатында жаңа ережеге сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық тобы үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастағы пойыздарға – 50% жеңілдік енгізілді. Бұл норма әлеуметтік маңызы бар 57 пойызда, оның ішінде 6 «Тұлпар-Тальго» пойызында қолданылады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар пойыздарға балама ретінде ұйымдастырылған коммерциялық 9 "Тұлпар-Тальго" пойызында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жол жүруіне арналған арнайы купедегі орынға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға 70% жеңілдік беріледі", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Осы мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жұмыс тобы құрылған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды