- Басты
- Жаңалықтар
- Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің директоры Бақытгүл Қазақбаева осы жылы таңбалануы міндетті темекі өнімдерінің тізімі ұзартылатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау міндетті. Қазақбаеваның мәлімдеуінше, тауарларды таңбалау өте маңызды жұмыс. Қазіргі уақытты қаржы министрлігі тарапынан цифрландыру шеңберінде көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою мақсатында тауарларды таңбала жүйесін қолға алған.
«Қазақстанда тауарларды таңбалау міндетті түрде жүргізіледі. Оны енгізу процесі барысына өндіруші, импортер, дистрибьютор мен бөлшектік сауда өкілі қатысады. Тауарды таңбалау екі кезең бойынша жүргізіледі: біріншісіне 2020 жылғы 1 қазаннан бастап өттік. Ол бойынша фильтрсіз және фильтрлі темекілер таңбаланады. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап біз таңбалаудың екінші кезеңіне өтеміз. Ол жерде сигареттерді, сигариллаларды, электронды темекілерге арналған сұйықтықтар және осыған қатысты тағы басқа тауарларды таңбалау басталады», - деді ол.
Темекі өнімдерін таңбалау арқылы заңсыз тауарайналымды азайтуға болады. Тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік береді, ал өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін заңды бәсекелі ортаны қалыптастырады. Тауарларға төленетін салық мемекеттік бюджетке кіріс болып түседі. Қазақбаева цифрлық таңбаға түсінік берді
«Өндірушілер мен импортерлер темекінің әрбір қорабына «Data matrix» деп аталатын код енгізеді. Data matrix, яғни цифрлы таңба қағаз жүзіндегі акцизді таңбаның орнын алмастырады. Ол кодта өндірушілер туралы мәлімет, сериялық нөмірі мен тексеруші коды белгіленген. Дүкендер темекіні сатқан кезде кассир Data matrix-ті сканерлеп, темекінің сатылғаны туралы ақпарат ОФД-ға жөнелтіледі. ОФД-дан ақпарат тауарлардың таңбалануын бақылайтын ақпараттық жүйеге жөнелтіледі», - деді ол.
ЕЭО тауарларды таңбалау бойынша келісімге сәйкес, әр мемемлекет өз заңнамасына сәйкес таңбалау енгізеді. Ол үшін әр мемлекет үш ай бұрын Еуразиялық экономикалық комиссиясына хабарлама жолдауы керек. Егер үш айдың ішінде ЕЭО таңбалау енгізілмесе, біз өз заңнамамыз бойынша таңбалау енгіземіз. Сондықтан біз осындай хабарлама жолдап, ЕЭО мүше мемлекеттер шешім қабылдамаған соң өз елімізде заңнамаға сәйкес таңбалау енгіздік. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссиясының саясатына қайшы келмейді
Спикер жиі қойылатын сұраққа жауап берді: «таңбаланбаған темекі қалдықтарымен не істеу керек?». Олар 2021 жылдың 1 қазанына дейін айналымда болуы мүмкін. Дәл осы күннен бастап сатушыларға толық жауапкершілік жүктеледі – 200-500 АЕК айыппұл салынады, ал егер тұтынушыға зиян келтірілсе – қылмыстық бап қарастырылған.
Сауда нүктелерінің 60% жуығы 2D-сканерлер орнатып, таңбалау жүйесіне тіркелді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық экономиканы дамыту орталығының акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша жоба менеджері Алмат Исмаилов ресми деректерді ұсынды.
Оның түсіндіруінше, «Қазақтелеком» ұсынған тегін NaqtySauda.Kassa қосымшасы – 2D сканердің аналогы. Ол нақты уақытта чектерді фискалдауды жүргізеді, сервермен байланысы қорғалған және ақпарат қоймасына ие, ең бастысы, ШОБ үшін қолжетімді кез келген гаджет үшін жарамды.
«NaqtySauda.Kassa – бағдарламалық бақылау-кассалық машина болып табылады және басқа БКМ сияқты жұмыс істейді. Салық төлеушілер үшін бұл қосымшаны Google маркеттен жүктеп, бақылау-кассалық техникаңызды тіркеп, іске асыру кезінде пайдалануыңыз қажет. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығын ұйымдастырдық, немесе техникалық қолдаудың e-mail жазуға болады. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде 16 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Айта кетейік, онда филиалдары бар ірі желілер тіркелген. Яғни, бұл көрсеткіш филиалдық желілердің саны емес. 2D сканерге келетін болсақ, вендорлар 55 мыңға жуық сканер сатқан, бұл сауда нүктелерінің шамамен 60% қамтамасыз етеді», - деді А. Исмаилов.
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері