• Басты
  • Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
9 Шілде, 2020 11:01

Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Тель-Авивте Астана күніне және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті,  - деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Оған Иерусалим Патриархы ІІІ Теофиль, Израиль Сыртқы істер министрлігінің (СІМ), дипломатиялық корпустың, саяси, бизнес және ғылыми топтардың, БАҚ, медициналық орталықтардың өкілдері, отандастар, сондай-ақ Қазақстанның достары қатысты.

107469426_3138067502906155_4658788421548090888_n.jpg

Іс-шараның негізгі баяндамашылары болып Төтенше және Өкілетті Елші Сатыбалды Бұршақов, Израильдің бұрынғы премьер-министрлері Эхуд Барак және Эхуд Ольмерт, Израильдің СІМ директоры және Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Михаэль Бродский, Еуро-Азиялық Еврей Конгресінің Бас директоры Хаим Бен Яков, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры, аудармашы Виктор Радуцкий сөйледі.

107473077_3138068806239358_6155312807018085904_o.jpg

Елші С.Бұршақов жиналған қонақтарға Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуы мен Елбасының маңызды халықаралық бастамалары және оның жетекшілігімен өткен елдің тарихи даму кезеңдері туралы баяндап берді.

107487380_3138068412906064_563137712686845987_o.jpg

Дипломат Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Н.Ә.Назарбаевтың атына жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Хатта премьер-министр 2016 жылғы желтоқсанда Астанаға жасаған сапарын жылы лебізбен еске ала отырып, «Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, жарқын, заманауи елге айналды. Бұл шын мәнінде, Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өте маңызды күшті фактор», – деген бағасымен бөліскен.

107493879_3138067689572803_8989375346911212120_n.jpg

Израильдің бұрынғы үкімет басшысы Э.Барактың пікірінше, Елбасы «Қазақстан сияқты бай ел болып табылатын ұлт – өзінің табиғи ресурстарына ғана емес, технологияларды дамытуға және білім беруге сүйенуі тиіс деп әрқашан санаған». Саясаткер өз сөзінде «қазіргідей мазасыз заманда өз халқына ынтымақтастық, төзімділік және этика қағидаларын үйретуге қабілетті ішкі бағдарлары бар көреген көшбасшылар жетіспейтігін», - айта келе, «Назарбаев сондай азғана көшбасшылардың бірі», - деп баға берді.

107513613_3138066552906250_1470196420218553361_n.jpg

Экс-премьер Э.Ольмерт, Н.Назарбаевтың көзқарасы мен стратегиясын жоғары бағалай отырып, оның Тәуелсіздік таңында Қазақстан елордасын көшіру процесіне қосқан жеке күш-жігерін, сондай-ақ, оның беделді көршілермен ынтымақтастықты дамыту жағдайындағы көпвекторлы дипломатияға қосқан үлесін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты берік қарым-қатынастың негізі қаланған Назарбаев дәуірі «Израиль басшылары мен халқының есінде жақсы сақталып қалады». Ольмерттің айтуынша, Қазақстан ұлт көшбасшысының арқасында әлемнің көптеген елдері үшін үлгі болып саналуы мүмкін екенін атап өтті.

107574293_3138067292906176_3499826187842131784_n.jpg

Еуро-Азиялық Еврей Конгресінің бас директоры Хаим бен Яков осы ұйымның президенті Михаил Мирилашвилашвилидің атынан Н.Назарбаевқа шын жүректен құттықтауын жеткізіп, Қазақстанның конфессияаралық модельін ерекше атап өтті. Х. Бен Яков, біздің еліміздегі еврей диаспорасы арасында оның ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижелері туралы бөлісті. Зерттеулердің қорытындысы Қазақстандағы еврейлердің ұлт ретінде өзін-өзі анықтау деңгейі Қазақ еліне қатысты патриотизм деңгейімен тікелей байланысты бірегей феноменді анықтаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл басқа да көптеген факторлар сияқты қазіргі Қазақстанда «антисемитизмнің жоқтығын» дәлелдейді.

107597735_3138067162906189_1640660385755964514_o.jpg

Елбасына иврит тілінен аударған профессор Виктор Радуцкий, дөңгелек үстелге қатысушыларды Тұңғыш Президенттің Израильге сапарлары барысындағы бірегей фотосуреттермен таныстыра отырып, Н.Назарбаевпен қарым-қатынасынан алған әсерлері мен Қазақстан мен Израиль саясаткерлерінің арасында болған кездесулердің қызықты сәттері туралы айтып, қазақ және еврей философиясының ұқсастығын атап өтті.

107601074_3138067082906197_5683734581004778453_n.jpg

Дөңгелек үстел соңында Тұңғыш Президент туралы түсірілген «Уақытпен тағайындалған» кинолентасы көрсетілді.

107733722_3138068236239415_8610679534898979625_o.jpg

Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан қонақтар мерейтой иесіне, Қазақстан-Израиль ынтымақтастығы мен Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлеріне арналған фотокөрмемен танысты.

107891955_3138067839572788_2879289816295009639_o.jpg

Барлық жаңалықтар