• Басты
  • Тегін медициналық көмек алу үшін ӘМСҚ-на жарна төлеу міндетті ме
24 Қыркүйек, 2020 14:00

Тегін медициналық көмек алу үшін ӘМСҚ-на жарна төлеу міндетті ме

Бүгін ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі қазақстандықтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударым жасап, сақтандырылған азаматтар мен медициналық сақтандырылмағандардың есебі мен Қордың қаржысы қалай жұмсалып жатқаны айтылды. 15,3 млн қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Сақтандырылмағандар да бар. Олар тегін медициналық көмек алуға құқылы ма? Бұл сұрақтың жауабын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біле аласыздар.


Тегін медициналық көмек алу үшін ӘМСҚ-на жарна төлеу міндетті ме

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежановтың хабарлауынша, 1 қыркүйектегі есеп бойынша халықтың 18 %-ы сақтандырылмаған. Бұл – 3,4 млн Қазақстан азаматтары. Олар бірде-бір міндетті жарна аудармаған. Олардың ішінде 2 млн-ы бірыңғай жиынтық төлем төлейтіндер, жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын азаматтар. . «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қорға жүйелі түрде жарна мен аударым жасаған адамдар сақтандырылған болып есептеледі, алайда бұған жеңілдік жасалған 15 санатқа кіретіндер қосылмайды. Коронавирустық пандемия мен төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге байланысты халықтың бір бөлігі табысынан айырылды. Сәйкесінше міндеттелген жарналарды төлей алмады.

Біз осы мәселені ескеріп, сақтандыру мәртебесін жоғалтқан азаматтарға көмектесу үшін Үкіметке ұыныс тастадық. Ұсынысымыз сақтандыруға мүмкіндігі жоқ, табысынан айырылған азаматтарға көмектесуге бағытталды. Нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайта «қайтардық». Азамттар тегін медициналық көмек алу үшін жыл басынан бастап үздіксіз жарна салуы керек. Жарна төлеп сақтандырылған салымшылар үшін ем алудағы түрлі қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу болмайды. МӘМС-ке жылына ең аз мөлшердегі төлем жасаған адам кез келген медициналық көмекті тегін ала алады. Ең төменгі төлем бүгінгі таңда - Азаматтар сақтандыру жүйесіне қатысу үшін жыл басынан бері ай сайы 25 000 теңгені құрайды, - деді ӘМСҚ басшысы.

Болат Төкежанов сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтардың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмегін алуға құқылы екенін атап өтті. ӘМСҚ-на жарна салмаған болса да, медициналық ұйым ондай пациенттерді қараудан бас тарта алмайды.

Біз Қорға келіп түскен әр азаматтың шағымы мен өтінішін мұқият түрде қараймыз. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде әрбір адам үшін медициналық көмектің қажетті көлемі қамтамасыз етілген. Мәселен, түрлі жағдайларға байланысты шұғыл алу керек стационарлық алғашқы көмек, санитарлық қызмет, дәрі-дәрмек немесе созылмалы аурулар кезінде емделу қажеттігі туындаса, медициналық спектрдан қажет қызметті ала алады. Демек, жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр пациентті МӘМС Қорына ақша төлеген-төлемегеніне қарамастан қабылдайды, - деді ол.

Қор «Qoldau 24\7» қосымшасын іске қосқаннан бері әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдардың түсі жиілеген. Азаматтарда созылмалы дерт болса, әлеуметтік күрделі медцициналық проблемаларға кезіксе, онда міндетті түрде ТМККК пакетіне кіретін көмекті мекенжайы бойынша емхана көрсетуден бас тартпайды.

Әлеуметтік сақтандыру Қорына ақша төлеп жүрген азаматтар тегін стоматологиялық көмек, профилактикалық тексеру, қан тапсыру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін ала алады. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер емделу кез келген уақытта қолжетімді.

Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі сынаққа тап болды. Медицинаның халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге қадам жасаған едік, пандемия келіп, жоспарымыз өзгерді. Қазір эпидахуал тұрақталып, емханалар халыққа тиісті көмек беруге дайын , - деді Төкежанов.

Брифингте Болат Төкежанов ол басқарып отырған Қордың коронавирус және пневмонияға қарсы күрес шараларына 159 млрд. теңге бөлгенін айтты. Коронавирусқа шалдыққан азаматтар медициналық көмекті тегін ала алады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры коронавируспен ауырған пациенттерге мобильді бригада үй жағдайында тегін қызмет көрсетеді.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМККК пакетінде «байланыста болған адамдарды, бактерия мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау бойынша» қызметтер көзделген, Осылайша, бұл өзгерістер оның Қорға жарна төлегеніне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға медициналық көмекті тегін алуына мүмкіндік береді, -деді ол.

Төкежановтың айтып отырған мәселесі күз бен қыс мезгілінде өзекті болуы мүмкін. Өйткені, коронавирустың екінші толқыны келуі мүмкін.

Коронавируспен күреске бөлінген 159 млрд. астам теңге былай бөлініпті:

- 50,5 млрд теңге – ковид жұқтырғандарды емдеуге,

- 91,9 млрд теңге - эпидемияға қарсы күрескен дәрігерлерге үстемақы ретінде, 4,2 млрд теңге – стационарда ПТР-тестке,

- 0,4 млрд. Теңге – үйдегі стационарда қызмет көрсетуге,

- 10 млрд теңге амбулаториялық деңгейдегі ПТР- ға,

- 2,4 млрд теңге – мобильді бригадалардың жұмысына беріледі

Наурыздан шілдеге дейін Қор 36,9 млрд теңгені емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына төледі. Оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 500 мыңға жуық ПТР-тест жасалған. Инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға 31 млрд. астам теңге жұмсалды. Құрылған мобильді бригадалар шілде айында шақырған 43 мың үйге барған.

Жыл соңына дейін шамамен 2 млн. ПТР-тест жасау, стационарларда 600 мың, ал амбулаторияларда - 1,4 млн. астам тест жасау жоспарда бар.

Наурыз-тамыз айларында жұқпалы дертке шалдыққандармен тікелей жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы төленді.

Тамыз айының қорытындысы бойынша Қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 млрд теңгеге жуық үстемақы төлейтінін де ӘСМС Қорының басшысы бүгінгі брифингте айтты.

Барлық жаңалықтар