• Басты
  • Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады
8 Сәуір, 2020 10:53

Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады

Опера және балет өнерінің жанкүйерлері үйлерінен шықпай-ақ өздері үшін «Астана Операның» интернет-жобаларын таңдап әрі олардың толыққанды қатысушылары бола алады, деп хабарлады Strategy2050.kz операның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады

Елордалық сахнаның танымал әртістері «Сауалыңды жолда» айдарында әңгіме-дүкен құруға шақырады. Аталған жоба 8 сәуірден бастап қолжетімді болмақ, оған кез келген ниет білдірген адам қатыса алады. Жұлдызбен тікелей эфирде жүздесу мүмкіндігіне ие болу үшін, «Астана Операның» инстаграм әлеуметтік желісіне кіріп, театр парақшасында сүйікті орындаушыңызға сауал қалдыру қажет. Карантин кезеңінде Талғат Мұсабаев, Гаухар Усина, Бақтияр Адамжан, Салтанат Ахметова және т.б. өздерінің шығармашылық сырларымен бөліспек. Еске салар болсақ, бұдан бұрын аталмыш жоба бейнеформатта жүргізілген болатын, ал енді солистермен нақты уақыт режимінде жанды сұхбат құру мүмкін болып отыр. 

Ұлттық опера өнерін құп көретіндер үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жоба әзірленді. «Астана Операның» әйгілі әншілері  жақын арада осынау аңызға айналған операдан үзінділерді өз үйлерінен шырқамақ, алайда технологиялардың арқасында бейнеде олардың бәрі бір жердегідей көрінетін болады.

Бұдан бөлек, ұлттық топтамаға М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан «Мереке биі» енген, ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» театрының хор және симфониялық оркестр әртістерінің орындалуында  шырқалады. 

«Опера және балет жұлдыздарының басқа өмірі» жобасы «Астана Опера»  әртістерінің театрдан тыс уақытта немен айналысатынын көрсетеді. Онда сіздер бүкіл әлемге танымал биші Бақтияр Адамжан өзінің балаларына түнде қандай ертегі оқып беретінін біліп, опера жұлдызы Майра Мұхамедқызынан дәмді тағам әзірлеу тәсілін ала аласыздар, сондай-ақ сіздерді басқа да тосын сыйлар күтуде.  

7 сәуірде  тәлімгер ұстаз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков тікелей эфирден классикалық би бойынша сабақ өткізді. Эфир қонақтары – шеберлік сабағында қимыл-әрекеттерді қайталаған балет труппасының жұлдыздары болды. «Астана Операның» инстаграм әлеуметтік желісі парақшасында үлкен белсенділік байқалды, желіге жазылушылар сабаққа қатысып, ол аяқталған соң сүйікті әртістерімен әңгімелесті. 

- Бізбен бірге болыңыздар, осылайша, сіздер сәуір айында TENGRINEWS TV сайтында қолжетімді болатын еліміздің басты театры – «Астана Опера» онлайн-репуртуарына қандай спектакльдер енгенін бірінші болып білесіздер, - деп атап өтті театр әкімшілігі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды