• Басты
  • "Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды
28 Қараша, 2019 14:18

"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды

"Теңізшевройл" компаниясы мен Еуропалық қайта құру банкі бірлесіп 26 жылда 33 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы елордада өткен Қазақстанның мұнайгаз саласындағы отандық үлесін арттырудың өзекті мәселелері қаралған "Жергілікті үлесті істе дамыту" атты бизнес-тәжірибеге қатысқан "Теңізшевройл" ЖШС үкімет және қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды

Аталған шара 2015 жылы қолға алынған Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламада көрсетілген қолдаудың бір түрі – кеңес беру жобаларын ұйымдастырып, оларды қосымша қаржыландыру.

Жиынға қатысып, алғаш болып сөз сөйлеген "Теңізшевройл" ЖШС үкімет және қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев "Теңізшевройл" компаниясы мен Еуропалық қайта құру банкі бірлесіп 26 жылда 33 жобаны жүзеге асырғанын атап өтті.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, 1993 жылы "Теңізшевройл" компаниясы құрылған кезде құрамында тек Теңіз кен орнын игерумен айналысқан компаниялар ғана жұмыс істеді. Ал Қазіргі таңда 1000-нан астам компаниямен жұмыс істейді. Содан бері даму үстіндеміз. Жергілікті компанияларды сертификаттау мәселесін қолға алдық. Бізге кім көмектесе алады деген сауалға жауап іздеп, Еуропалық қайта құру және даму банкінің көмегіне жүгіндік. Ішкі басқарушы топ аталған банкпен жұмыс істейміз деп шешім қабылдады. Бірігіп жұмыс істеген 2015 жылдан бері 33 жоба жүзеге асырылды", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, аталған компания Қазақстандық бизнес өкілдеріне жобаларды басқару, бизнес жобаларды модельдеу және мұнайгаз секторындағы сатып алу туралы түрлі тренингтер өткізген.

"200-ге жуық шағын және орта бизнестің өкілдері аталмыш тренингтерге қатысты. Қатысқан компаниялардың 73 пайызы құрал-жабдықтарын 66 пайызға дейін жақсартты. Ал жұмыс орындарының саны 32 пайызға артты, еңбек өнімділігі 35 пайызға өсті. Қазіргі кезде қатысушы бес компания "Теңізшевройл" компаниясына тауарларын жеткізуші компаниялардың қатарына қосылды. Сондай-ақ олар бизнес-тренингтерге қатысу арқылы жұмыстың сапасын жақсартып, жеткізу көлемін ұлғайтты. Сонымен қатар "Теңіз жобасында қазақстандық үлесті арттырудың басты бағыттарының бірі – болашақ және қазіргі отандық тасымалдаушылардың мүмкіндіктері мен өкілеттілігін арттыруға жәрдемдесу. Осы мақсатта "Теңізшевройл" ЖШС Қазақстанда ЕҚДБ іске асырып жатқан орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасына қатысты", - деді ол. 
1.jpeg

Бұдан бөлек Рзабек Артығалиев отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу динамикасының артқанын айтып өтті. 

"Бізде отандық нарықты дамытуға бағытталған департамент жұмыс істейді. Егер бес жыл бұрын отандық тауарлар мен қызметті сатып алуға 2,4 млрд АҚШ долларын шығындаса, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының соңында бұл көрсеткіш 3,4 млрд АҚШ долларынан асты. "Теңізшевройл" қазақстандық үлесті дамытып, елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен үлес қосады. 1993 жылдан бері отандық тауарлар мен қызметтерге 31,7 млрд доллар жұмсады, 2019 жылы бұл сома 3,7 млрд доллардан асқан. Бұл сала әрдайым біздің назарамызда", - деді бас менеджер.

Сонымен қатар ол "Теңізшевройл" компаниясы тек өзінің жобаларын дамытумен ғана шектелмей, ұлттық бизнесті дамыту мақсатында мұнайгаз саласындағы барлық жобаларға көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті. 

"Қазіргі таңда "Теңізшевройлды" дамыту жобасында 56 мың қазақстандық жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің санынан-ақ ол жерде қаншалықты үлкен жұмыстың істеліп жатқандығын көруге болады. Кеше біз Теңізде болдық, құрылысқа қатысты жобасының 70 пайызы орындалған. Қалғанын келесі жылы орындау жоспарланып отыр. Біз болашақта да ұлттық бизнесті дамытуға үлес қосамыз деп ойламын. Тек біздің жобаларда ғана емес, мұнайгаз саласына қатысты барлық жобаларда ұлттық бизнестің үлесін арттыруға дайынбыз", - деді ол. 

Ал өз кезегінде ЕҚДБ Орталық Азия және Моңғолия бойынша ШОБ дамыту және қаржыландыру департаментінің аға банкирі және өңірлік басшысы Нодира Мансурова осыған дейін істелген жұмыстарға тоқталып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Нодира Мансурова, Региональный Глава Старший банкир Департамента по развитию и финансированию МСБ, Центральная Азия и Монголия, ЕБРР.jpeg

"ЕҚДБ жүзеге асырған жобаларына қатысты айтқан пікірі үшін Рзабек Артығалиевке алғыс айтамын. Соңғы төрт жылда бірге жұмыс істеген әріптестеремізді, "Теңізшевройл" компаниясының қызметкерлерін ынтымақтастық үшін рахмет айтқым келеді. Алғаш бұл жобаны қолға алғанда қобалжу болды, бірақ бүгін статистикаға назар аударсақ, көптеген жұмыстың істелгенін көруге болады. Біз биыл еңбекті қорғау жөнінде көптеген тренингтер өткіздік. Сонымен сертификатталған кеңесшілерді дайындадық. Аталған кеңесшілер де кәсіпкерлікке қатысты тренингтер өткізді, оған 100-ден астам компаниялардың өкілдері қатысты. Сатып алу туралы, тендерге қатысу жөнінде тағы да кеңінен айтылатын бизнес-трненингтерді өткізу жоспарымызда бар", - деді ол.

Бұдан басқа ЕҚДБ жобалар бойынша аға маманы Арман Ишмұхамедов жергілікті жеткізушілерге қолдау көрсету бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар оның айтуынша, ЕҚДБ Қазақстанда 260-тан астам жобаны жүзеге асыру үшін 8 млрд евро инвестиция құйған.

photo5404681357050882998.jpg

"Еурпалық қайта құру және даму банкінің құрамына 69 мемлекет және 2 халықаралым ұйым кіреді. Банктің капиталы 300 млрд еуроны құрайды. ЕҚДБ Қазақстанда 260-тан астам жобаны жүзеге асыру үшін 8 млрд евро инвестиция салды. Шағын бизнесті қолдау көрсету тобы шағын және орта бизнестің өкілдеріне кеңес беру қызметін көрсетеді. Бағдарлама басталған 2001 жылдан бері ЕҚДБ Қазақстанға 2450 кеңес беру жобасын іске асыру үшін грант ретінде 31,5 млн евро берді", - деді ол.

Содан соң Қазақстандық жеткізушілерді қолдау бағдарламасының жоспарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, ол үш бағытта жүзеге аспақ. 

"Жергілікті кеңесшілермен жоба, халықаралық және салалық сарапшылармен жоба және оқыту, оның қатарына, түрлі бағыттағы семинарлар, тренингтер өткізу жатады. Ал қолдау көрсетудің механизмдері мен инструменттері туралы айтсақ, ол консалтинг және оқытудан тұрады. Консалтингтің қатарына жергілікті кеңесшілермен жобаларды жүзеге асыру, халықаралық салалық сарапшылармен жобаларды іске асыру, халықаралық салалық көрмелерге қатысу және гратн бөлу, яғни, жобаларды жасау үшін қаражат бөлу кіреді. Келесі оқыту бөлімінде қауіпсіздік мәдениетінің негіздері туралы тренингтер өткізу, мұнайгаз секторындағы операторларды сатып алуға қатысуға дайындау, бизнес процестері мен өндірісті оңтайландыру және жобаларды басқарумен байланысты семинарлар өткізу", - деді ол. 

Сонымен қатар оның айтуынша, Бағдарлама іске асқан 2015 жылдан бастап жергілікті кеңесшілерді тартумен 27 жоба, ал халықаралық сала сарапшыларын тартумен 7 жоба жүзеге асқан. 

"ЕҚДБ мамандары жергілікті компаниялар үшін кеңес беру жобаларын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс істеді. Бағдарлама іске асқан 2015 жылдан бастап жергілікті кеңесшілерді тартумен 27 жоба, ал халықаралық сала сарапшыларын тартумен 7 жоба жүзеге асқан. Сондай-ақ 7 оқыту тренингтері өткізілді. 250-ден астам қатысушы оқуға қатысты. Ал 15 инструктор халықаралық еңбек ұйымымен сертификатталды. Сонымен қатар, 2 компания шетелдегі көрмелер мен  Тайваньда, Австрияда өткен B2B кездесуге қатысты", - деп атап өтті.  
 
Бұдан басқа жиынға қатысқан "Теңізшевройл" Қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің кеңесшісі Қуанышкереева Арайлым ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандық тауарлар мен қызметтердеі сатып алуға кететін қаржы 4 млрд долларды құрайды деп жоспарланғанын айтты. 

Біз жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес болуы үшін оларды дамытумен айналысамыз. Шетелдік өндірушілермен теңдей тендерға қатысу, сатып алуға қатысу секілді мәселелерді қарастырамыз.  Жергілікті компаниялардың потенциалын арттыру "Теңізшевройл" компанясының басты стратегияларының бірі. 2019 жылы "Теңізшевройл" Қазақстандағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 3,7 млрд доллардан астам қаржы жұмсады. Ал 1993 жылдан бері барлығы 31,7 млрд доллар қаражат жұмсалған. Сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін қазақстандық тауарлар мен қызметтердеі сатып алуға кететін қаржы 4 млрд долларды құрайды деп жоспарланып отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жергілікті компаниялардың потенциалын арттырып, шетелдік компаниялардың қазақстандық компаниялармен бірігіп өндіріс орындарын ашу секілді істелген жұмыстардың арқасында осындай нәтижеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар ол "Теңізшевройл" компаниясы Қазақстанның барлық аймағынан қызметтер мен тауарларды сатып алуды жолға қойғаны туралы айтып берді.

""Теңізшевройл" компаниясы Қазақстанның барлық аймағынан қызметтер мен тауарларды сатып алуды жолға қойды. Мәселен, ілмекті арматура шығаратын қарағандылық "Бёмер Арматура" зауытын атап өтуге болады. Ол өзін ТШО-ның сенімді серіктесі ретінде танытты. Ілмекті шар арматураны шығару мұнайгаз саласы және су жіберу крандарын салу сияқты кез келген ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды. Ал бұл өндірістік салада осы қазақстандық өндіруші өңірлер арасында көш бастап тұр", - деді ол.

Бұдан басқа ол "Теңізшевройл"компаниясының бастамасымен әрі қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан "Игілік" әлеуметтік жобасына тоқталды.   

2.jpeg

"Игілік" бағдарламасы "Теңізшевройл" компаниясының ерікті түрде қолға алып, Атырау облысының әлеуметтік инфраструктурасын дамытуға бағытталған бағдарлама. Оның мақсаты - Атырау облысында маңызы бар әлеуметтік нысандарды тұрғызу. 2010-2018 жылдар аралығында 64 жоба жүзеге асты. Бүгінге дейін 8,5 млн доллар қаражат игерілді. Ал 2019 жылы 7 жоба іске асырылуда. Инвестицияға қатысты қоғамдық кеңеске әртүрлі мамандықтардың 9 мүшесі кіреді. Аталмыш бағдарламаға 1999 жылдан бері 337 млн доллар бөлінген. Жалпы 92 жоба жүзеге асқан. 1000 жаңа жұмыс орны құрылды және балабақшаларда 2160 жаңа орын ашылды. 

Ал оның сөзіне сүйенсек, жалпы "Игілік" бағдарламасының 2019 жылға бюджеті 25 млн долларды құрайды.

Айта кетейік, бағдарламаға электр трансформаторларын өндіруші «Alageum Electric JSC», криоген өнімдерін өндіруші Азот Зауыты,  «Altyn Dan Trade» азық-түлік тасымалдаушы компаниялар қатысып, жетістіктерінің сырымен бөлісті. Сондай-ақ, шара барысында Бағдарлама аясында оқыту жүргізген консалтинг компанияларды марапаттау салтанаты өтті.  

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды