• Басты
  • Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады

2 Сәуір, 2021 16:53

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен құжат айналымын цифрландыру мәселелері өте өзекті болып табылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Іңкәрбаев Жайдар Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу туралы түсіндірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.



Тауарларға арналған ілеспе құжаттар толығымен электронды түрде рәсімделетіндіктен, қағаз құжат айналымы болмайды. Тиісінше, қағазға, принтерлерге жұмсалатын шығындар, қағаз құжаттарын сақтауға арналған мұрағаттарды жеткізуге және ұстауға жұмсалатын шығындар азаяды. Цифрлық шешімнің басты артықшылығы – уақытты үнемдеу. Спикердің айтуынша құжаттаманы алу жеделдетіледі, себебі жеткізуші ресімдегеннен кейін ТІЖ бірден сатып алушыға түседі.

«ТІЖ енгізілуімен ЕАЭО шеңберінде жүк айналымы жеделдетіледі. Көлік құралдары шекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өтетін болады, себебі құжаттардың қағаз көшірмелерін сканерлеу қажеттілігіне байланысты болмайды», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.

ТІЖ енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу үшін пәрменді шара болып табылады, себебі жалған жүк алушыларға, банкроттарға және таратылған тұлғаларға ТІЖ ресімдеу мүмкіндігі болмайды.

Құжаттарды цифрлау шеңберінде салық заңнамасын орындау үшін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар енгізілуде, олар келешекте мыналармен ауыстырылады:

-акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар: АӨІЖ (алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаты), МӨІЖ (мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты), ТӨІЖ (темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты);

-бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамада айқындалған тауарды шетке беруге арналған жүкқұжат (З-2 нысаны);

-тауар-көлік жүкқұжаты (ТКЖ);

-тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде ресімделетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328 СЕН).

Спикер атап өткендей, ТІЖ толығымен электрондық түрде рәсімделетін болғандықтан, қағаз құжат айналымы болмайды. Тиісінше, қағаз, принтерлер, жеткізуге пошта шығындары және қағаз құжаттарын сақтау үшін мұрағаттарды ұстау шығындары азаяды. ТІЖ сондай-ақ жалған транзит фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады.

"2019 жылы ҚҚС төлеуден жалтару мақсатында жалған жүк алушыларға тауарлар импортын ресімдеу автокөлік құралдарының жалпы санының 16% - ын құрады немесе әрбір 6 автомашина бойынша ҚҚС төленбеді. 2020 жылы транзитті мәлімдеген 81,7 мың АКҚ-ның 9,3 мың АКҚ (11%) ҚР аумағында жанама салықтарды төлемеді, олар бойынша залал 4,6 млрд.теңгені құрады", - деп есеп берді ол.

Мысалы, 2020 жылғы 4 қыркүйекте тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде АӨП-ні РФ-дан Қырғыз Республикасына транзитпен кесіп өту кезінде бұрын жалған транзиттің 3 фактісін жасаған тасымалдаушы анықталды. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында ҚР-да тауарды нақты алушы анықталды және 774 мың теңге сомасында ҚҚС төлеу қамтамасыз етілді.

Іңкәрбаев мәлім еткендей, қосымша құн салығын төлеуден жалтару схемаларының бірі жалған алушыларға тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу болып табылады. Мәселен, 2020 жылы жалған алушылардың атына тауарларды әкелудің 664 фактісі анықталды, олар бойынша залал 332 млн.теңгені құрады.

«Мысалы, 2020 жылы «БАНАНА ХИТ» ЖШС жалпы құны 483 млн.теңгеге 235 АКҚ-ға тауарлар импорттады. Аталған кәсіпорынның басшысы тауарлар импортына қатысы жоқтығы туралы түсініктеме берді. Шығын 58 млн. теңгені құрады», - деді ол.

Шағын орта кәсіпкерлікті салық салудан толық босатылғанына қарамастан, көлеңкелі айналымдардың үлесі елеулі болып қалатынын атап өткен жөн. Оған дәлел онлайн-БКМ қолданбау және чектерді басып бермеу болып табылады.

Мемлекеттік кірісітер комитеті өкілінің айтуынша, көлеңкелі айналымды қысқарту мақсатында ТІЖ тауарлар айналымының шекарадан бөлшек саудаға дейінгі бақылануын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кедендік ресімдеу (АСТАНА-1) және Электрондық шот-фактуралар (ЭШФ АЖ) бойынша ақпараттық жүйелер сатудың барлық тізбегін бақылауды қамтамасыз ететін болады.

«Қазіргі уақытта осы жүйенің Пилоттық жобасы жүргізілуде. Бұл процесте қолданылатын барлық жүйелерді қалыпқа келтіру үшін айыппұлдар мен басқа санкциялар қолданылмайды», - деді ол.

Салық төлеушілердің көптеген өтініштері бойынша Пилоттың мерзімі:

-акцизделетін тауарлар бойынша - 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

-ЕАЭО-дан әкелінетін/ЕАЭО-ға әкетілетін тауарлар бойынша -2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

-виртуалдық қойманың тауарлары бойынша - 2021 жылдың  1  қарашасына дейін кейінге шегеріледі.

ДСҰ-ның Алып қою тізбесіндегі тауарлар және цифрлық таңбалау қолданатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.

Тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер үшін (оның ішінде «үй жанындағы дүкендер») тауарларға ілеспе жүкқұжат бойынша заңнамада белгіленген ережелермен Жайдар Іңкәрбаев таныстырды. Айтуынша, мұндай салық төлеушілер ешқандай Виртуалдық қоймалар жасамауы керек.

«Олар тек сатып алынған алкоголь өнімдеріне немесе темекіге арналған ТІЖ растайды.Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады», - деді ол.

Қалай тіркелуге болатыны және жеткізушіден алынған ТІЖ қалай растау керек екені туралы бейнесабақтар ҚР ҚМ МКК сайтында бар. Нақтыласақ, «ЭШФ АЖ» бөлімі, «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» кіші бөлімі, «Бейнесабақтар» қосымша бетінде және «ҚР ТІЖ енгізу» YouTube арнасында орналастырылған.

«Қалған тауарлар бойынша алынған өнімді растау талап етілмейді», - деп қосты салық қызметкері.

Тауарларды өткізу бойынша онлайн-БКМ чектерін басып беру қажет. Мұндай өткізулер үшін ТІЖ ресімдеу талап етілмейді.

Мұндай салық төлеушілердің Виртуалдық қоймасында онлайн-БКМ чектері бойынша өткізілген тауарларды есептен шығармау заңнаманы бұзу болып табылмайды.

Айтпақшы, темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы markirovka.kz сілтемесі бойынша тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу жеткілікті. 

«2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz сайтында онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды. 2Д сканердің құны 25 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін», - деді ол.
2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» тelegram-чаты белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы 8 800 080 6565 тегін «шұғыл» желі жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғай оператормен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

«Жалпы, бүгінде электронды шот фактура жүйесін 552 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланады. Олардың ішінде 245 мың – жеке кәсіпкерлер, 306 мың – заңды тұлғалар», - деді спикер.

Барлық жаңалықтар