• Басты
  • Ташкентте инвестициялық форум өтті
20 Қыркүйек, 2019 17:56

Ташкентте инвестициялық форум өтті

Ташкентте Энергетика министрлерінің 1-ші диалогы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың (ОАӨЭЫ) энергетикалық инвестициялық форумы өткізілді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

Ташкентте инвестициялық форум өтті

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, энергетикалық инвестициялық форум Орталық Азия өңірінің энергетика саласындағы негізгі оқиғасы болып табылады, ол жалпы даму үшін күш-жігерді үйлестіруге, жеке инвестицияларды тартуға және қаржыландырудағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.Форум 250-ден астам мүдделі тараптарды біріктіруге және оларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті элементтерді өзара байланыстыруға арналған.

 Қазақстан Республикасы атынан осы шараға ҚР Энергетика  вице-министрі М. Жөребеков қатысты. Аталған іс-шараға Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстанның орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел басындағы министрлер диалогында өңірдің өзара байланысты және сенімді электр энергетикалық жүйесін құру мақсатында энергетика секторыны тұрақты дамыту мәселелері талқыланды. Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың Энергетикалық стратегиясы 2030 жобасы қаралды.

 Форум аясында «Энергетика секторындағы реформа – инвестиция үшін оңтайлы жағдайлар жасаудың катализаторы ретінде» тақырыбына пікірталас форматында панельдік сессия өткізілді.

   Күн қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы жаңа энергетикалық жобалар туралы құжаттарға қол қою рәсімі өтті. 




ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды