• Басты
  • Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды
21 Қараша, 2019 18:16

Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды


Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды.
Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды

Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап,алдағы уақытта ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайды.

Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегаттар барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар.

Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу.

Іс-шараның бірінші күнінде   қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға  Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар  жетістігі таныстырылды.


 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды