• Басты
  • Түркістан облысының тұрғындары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартыла бастады
19 Мамыр, 2020 14:42

Түркістан облысының тұрғындары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартыла бастады

Түркістан облысында Мақтаарал ауданының бірнеше ауылында үйлерді су басу салдарынан зардап шеккен азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жұмыстары басталды. Бұл 5 ауылдың 6 мыңнан астам және 13 елді мекеннің эвакуацияланған 30 мыңнан астам адамы, деп хабарлады Strategy2050.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысының тұрғындары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартыла бастады

3 мобильді жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Бұл арнайы жабдықталған шағын автобус, онда жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, әлеуетті жұмыс іздеушілерді шақырады және жұмысқа орналасуға өтініштерді қабылдайды.

Бірінші мобильді орталық Жаңатұрмыс, Жеңіс, Өргебас, Достық және Фердоуси ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Екінші – Нұрлытаң, Жайлыбаев, Шұғыла және Жантақсай ауылдарында. Үшінші мобильді орталықтың қызметкерлері Мырзакент, Нұрлы жол, Арайлы және Ақжол ауылдарының тұрғындарын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау кешенді түрде көрсетіледі.

Мысалы, халыққа Мақтаарал ауданының кәсіпорындарында, құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларда 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады. Айта кетейік, 650 жұмыс орны су басу аймағын қалпына келтіру жұмыстарына тиесілі. 500 тұрғын үй салынып жатқан 32 мердігердің тізімі анықталды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы Мақтаарал ауданында 9 579 адамды жұмысқа орналастыру, 550 мың теңгеге дейінгі 590 мемлекеттік грант және 70 адамға дейін кредит беру жоспарлануда.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін ағымдағы жылғы 25 мамырдан бастап блиц-тренингтер өткізіледі, онда қатысушыларға дайын бизнес-кейстер ұсынылады, мысалы, бал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жылыжай ісі, саңырауқұлақтар өсіру және т. б.

ҚР Еңбекминінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Ерболат Абулхатиннің айтуынша, жұмысты үйлестіру және мәселелерді жедел шешу үшін жергілікті жерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен 6 128 отбасыға мемлекеттік резервтен 100 мың теңгеден төленді. Ал 1 мың доллар көлемінде өтемақы 5 202 тұрғын үй иелеріне беріледі. Оны Әлішер Усмановтың қорынан аударады.

Барлық жаңалықтар
34.201.3.10, 192.168.88.100