• Басты
  • Таразда сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда
29 Мамыр, 2020 09:01

Таразда сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда

Таразда таяу арада жаңа сауда үйі мен 2 көтерме-тарату орталығы ашылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев нысандардағы жұмыстармен танысты. Кәсіп иелерін алаңдатқан мәселелерді тыңдап, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. 
Таразда сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда

Төле би көшесінде орналасқан «Grand Passage» сауда үйі ашылған соң, жаңа жұмыс орындары пайда болып, жергілікті бюджетке мол қаражат түседі. Мұнда азық-түліктің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің көтерме саудасына ең үлкен аумақ берілетіндіктен, баға тұрақтылығын сақтауға арналған логистикалық орталық қызметін де атқарады. 

“ Бұл жердегі көтерме сауда Тараз ғана емес, бүкіл облыс халқын қол жетімді бағадағы сапалы, сондай-ақ  сертификатталған тауармен тұрақты әрі жыл бойы қамтамасыз етеді. Сауда үйінің жалпы аумағы 50 мың шаршы метрге жуықтайды. 30 мыңында сауда-саттық және сауда-саттыққа жатпайтын тауарлар босатылады. Нысанда бутиктер, көкөніс, жеміс-жидек орындары және кіреберіс тұста кафелер мен тез дайындалатын тағам қызметі орналасады. Барлық сауда нүктелері әкімшілік-тұрмыстық, қойма бөлмелерімен жабдықталған және мың автокөлікке арналған тұрақ жұмыс істейді. Сауда үйінің қызметіне мыңға жуық кәсіпкер, сондай-ақ қызмет көрсетуші және әкімшілік мамандар тартылмақ. Кешен бір мезгілде екі мыңнан астам келушіні қабылдай алады деп жоспарлануда”, - деді сауда үйінің басқарушысы Айбек Нұрәлиев.  

Аймақ басшысы ғимарат ішіндегі санитарлық жағдай, қауіпсіздік және сауданы ұйымдастыру шараларына баса мән берді. Көкөніс және ет сатылатын бөлімдерде санитарлық тораптардың бар екендігіне көз жеткізілді. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары орнатылып, тәулік бойы кезекшілік ететін күзет қызметі құрылған.

“ Әуел бастан тәртіпті қамтамасыз ету керек. Сіздерде автокөлік қоятын үлкен орын бар. Мұнда жабайы саудаға мүлдем жол берілмеуі керек. Коммерциялық қызмет тек қана бутиктер мен сауда павильондарында жүзеге асырылуы тиіс”, – деді Бердібек Сапарбаев. 

Көтерме-тарату орталықтары өнімді өндірушілерден сатып алып, еш бұзбастан ұзақ уақыт сақтауға міндетті. Орталықтың алғашқысы Таразда, ал екіншісі Байзақ ауданында орналасады.

Көтерме-тарату орталығы базарлар, дүкендер, мейрамханалар және басқа да бизнес орындары үшін азық-түлік тауарларының көтерме саудасын ұйымдастырады. Осылайша, делдалдық әрекеттерді жойып, жергілікті тауарөндірушілер өнімдерінің кепілді сатылымын қамтамасыз ету арқылы тауарлардың құнын төмендетуге болады.

Қазірдің өзінде «Тараз» көтерме-тарату  орталығы қоймаларының бірі толықтай жабдықталған. Мұндай қоймаға бес мың тоннаға дейін өнімді сыйғызуға болады. Онда тауарлар озық техникалар мен салқындату технологиясының арқасында өз сапасын әлдеқайда ұзақ сақтай алады.

“Қазір орталықтың басты мәселесі карантинмен байланысты болып отыр. Жабдық Ресейден сатып алынған. Сол себепті карантиннің аяқталғанын күтеміз, сосын жабдықты орнататын мамандар келеді. Олар маусымның ортасына таман келіп қалады, содан кейін барып қана қойма толығымен жұмыс істейтін болады. Ал кәсіпкерлер осындай тағы 9 қойманы салуды жоспарлап отыр. Осылайша ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдері ұзақ мерзімге сақталмақ”, – дейді «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Каржауов.

Барлық он қойманың құрылысын аяқтап, іске қосу үшін кәсіпкерлерге 10 миллиард теңге қажет. Жобаға ендігі 500 миллион теңге қаржы құйылды, ал қалған қаражат субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалана отырып алынады деп күтілуде. Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдағаннан кейін Олжас Қаржауовқа «Қарапайым заттар экономикасының» басым жобаларын несиелеу механизмі аясында осы мәселені пысықтауды тапсырды.

Байзақ ауданындағы кәсіпкерлер 135 миллион теңге жұмсаған «Jambyl Logistics БСО» сақтау қоймалары толығымен дайын. Басқарушылардың айтуынша, тек бір проблемалық мәселе өзекті болып тұр, яғни электр қуатының шамасы тым аз. Алайда бұл проблема алдағы екі аптада шешімін таппақ. «Jambyl Logistics БСО» барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, мұнда теміржол желілері жүргізілген. Бердібек Сапарбаев атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қалған қаражатты алуға көмектесуге уәде берді.

– Қазір жабдықтардың сапасы мен аймақты өніммен толық қамтамасыз ету үшін қоймаларды дайындау басты мәселе болып отыр. Қажетті температура мен желдету жүйесі жамбылдық фермерлердің қорын ұзақ уақытқа «консервілеуге» мүмкіндік береді. Ақпан айында картоп бағасының аспандап кеткені естеріңізде болар. Сондықтан осындай жағдайдың алдын алу үшін өнімді сапалы сақтауды ұйымдастыру қажет, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мәселесіне ірі кәсіпкерлерді тарту қажеттігін тілге тиек етті. Тек қана әр кезеңдегі тиімді жұмыс – алқаптағы өнімдерді өндіруден бастап, сөрелердегі сатылымға дейінгі тынымсыз тірліктің арқасында тұтынушыларды сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге және аймақтың экономикасын дамытуға мүмкіндік туады.

Аймақ басшысына Байзақ ауданында шағын құм блоктарын шығаратын цехтың жұмысы таныстырылды. Мұнда бар болғаны бес-ақ адам еңбек етеді. Цехтың айына 16 мың блок шығаратын мүмкіндігі бар екен. Кәсіпкер өзі өндірген құрылыс материалымен-ақ қойма жайларын салып алған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі



В Таразе ведется строительство оптово-распределительного центра вместимостью 50 тысяч тонн продукции

В Таразе скоро откроются новый торговый дом и два оптово-распределительных центра. С ходом работ на объектах ознакомился аким области Бердибек Сапарбаев. Он обсудил с предпринимателями имеющиеся проблемы и дал соответствующие поручения.

Торговый дом «Grand Passage» в начале улицы Толе би обещает стать источником новых рабочих мест и притока финансов в местный бюджет. Он может выполнять функции логистического центра для сдерживания цен, так как большая площадь выделяется для оптовой торговли продуктами питания, в том числе и социально значимыми.

По словам управляющего торговым домом «Grand Passage» Айбека Нуралиева, общая площадь торгового дома составляет около 50 тысяч квадратных метров, на 30 из которых будут реализовываться продовольственные и непродовольственные товары.

Внутри расположится множество бутиков, овощные, фруктовые и мясные торговые ряды, а перед входом разместятся заведения быстрого питания и кафе. Все торговые точки обеспечены административно-бытовыми и складскими помещениями, а стоянка способна вместить больше тысячи автомобилей. В функционировании торгового дома будут задействованы около тысячи предпринимателей, а также обслуживающий персонал и администрация. Ожидается, что комплекс сможет обеспечить единовременное пребывание более двух тысяч посетителей.

Внимание главы региона привлекли санитарное состояние, безопасность объекта и организация торговли. Предусмотрено наличие санитарных узлов, в том числе в овощном и мясном рядах. Установлены камеры видеонаблюдения, охранное агентство организует круглосуточную работу.

— Порядок надо обеспечить с самого начала. Вы имеете большую площадь для стоянки, так пусть она и будет таковой. Никакой стихийной торговли под открытым небом, вся коммерческая деятельность должна проходить в бутиках и торговых павильонах, — подчеркнул Б. Сапарбаев.

Оптово-распределительные центры будут закупать продукцию у производителей и обеспечивать качественное и длительное хранение. Один из них расположен в Таразе, а другой — в Байзакском районе.

Центры организуют оптовую торговлю продовольственными товарами для розничных рынков, магазинов, ресторанов и прочего бизнеса. Таким образом, благодаря исключению посреднического звена и обеспечению гарантированного сбыта продукции местных производителей удастся снизить стоимость товаров.

В ОРЦ «Тараз» одно из складских помещений уже полностью оборудовано. Такой склад способен вместить до пяти тысяч тонн продуктов и сохранить их качество гораздо дольше благодаря новейшей технике и технологии охлаждения.

— Главная проблема центра сейчас связана с карантином. Оборудование было приобретено в России. Ждем, когда закончится карантин и прибудут специалисты, которые произведут монтаж оборудования. Их приезд ожидается в середине июня, тогда склад и будет полностью готов к эксплуатации. Предприниматели планируют построить еще девять подобных складов, — рассказал председатель правления АО «НК «Социально-предпринимательская корпорация «Тараз» Олжас Каржауов. — Продукция сельхозтоваропроизводителей будет размещаться на длительное хранение.

На завершение строительства и введение в эксплуатацию всех десяти складов предпринимателям необходимо десять миллиардов тенге. В проект уже вложено 500 миллионов, а оставшееся финансирование ожидается получить, использовав возможности субсидирования. Выслушав просьбы бизнесменов, Бердибек Сапарбаев поручил Олжасу Каржауову проработать этот вопрос в рамках механизма кредитования приоритетных проектов по «Экономике простых вещей».

В ОРЦ «Jambyl Logistics» в Байзакском районе помещения для хранения уже полностью готовы, на что предпринимателем было затрачено 135 миллионов тенге. По заявлению управляющего Сейдахмета Сейдазимова, актуален лишь один проблемный вопрос: не слишком мощные источники электроснабжения. Однако эта проблема будет решена в ближайшие пару недель. ОРЦ «Jambyl Logistics» обеспечен всей необходимой инфраструктурой, сюда подведены железнодорожные пути. Бердибек Сапарбаев оценил проделанную работу и пообещал содействие в получении оставшихся средств для реализации проекта.

— Главный вопрос сейчас — это качество оборудования, подготовка складов, чтобы обеспечить продуктами регион в полной мере. Необходимая температура и вентиляция позволят на длительное время «законсервировать» запасы. Вспомните, например, какие заоблачные цены на картофель сложились в феврале. Чтобы избежать такой ситуации, необходимо организовать качественное хранение продуктов, — сказал аким области.

Бердибек Сапарбаев подчеркнул необходимость вовлечения крупных предпринимателей в работу по стабилизации цен на продовольственном рынке. Только благодаря слаженным действиям на каждом этапе — от производства продукции на полях и до реализации на прилавках — удастся обеспечить потребителя качественными товарами и развивать экономику региона.

Пресс-служба акима Жамбылской области

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды