• Басты
  • Таразда автобус аялдамалары күніне екі рет дезинфекциялануда
26 Наурыз, 2020 09:15

Таразда автобус аялдамалары күніне екі рет дезинфекциялануда

Тараз қаласындағы барлық аялдамаларда күн сайын төрт мамандандырылған ұйым дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша 42 адамнан тұратын 18 бригада құрылған десек, олар 12 бірлік техниканың көмегімен күніне екі рет 513 жолаушы көлігі аялдамасын дезинфекциялайды.
Таразда автобус аялдамалары күніне екі  рет дезинфекциялануда

Жалпы, өңірде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту бағытында 1154 нысан бойынша рейдтер жүргізілген. Оның 361-і қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатқан білім беру және спорт мекемелері.

Жұмыс істеп тұрған барлық кафе, мейрамхана қонақ үй, денсаулық сақтау ұйымдары, діни мекемелер, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендерде дезинфекциялық іс-шаралар өткізіліп, түсіндіру ақпараты бар стендтер мен антисептиктер орнатылған.

Адамдар жаппай жиналатын соттар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, полиция бөлімдері, уақытша ұстау изоляторы және қабылдау-тарату орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылған.

"Ауыл Береке",  "Орталық Базар", "Диана", "Қайқармет", "Жібек Жолы"  секілді ірі базарларында және "MART", "Small" сауда кешендеріндгі  осы бағыттағы жұмыстарға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бесінші бригадасының 200-ге жуық жауынгері тартылған.

Тараз қаласындағы 10 дәріханада күн сайын 30 мың медициналық маскалар сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен төрт мыңнан астам медициналық бетперде дайындалуып, көп балалы аналарға тегін таратылуда. 

Осы секілді жұмыстар облыстың барлық аудандарында қолға алынған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды