• Басты
  • Тараз карантинге жабылады
6 Сәуір, 2020 10:04

Тараз карантинге жабылады

Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Тараз карантинге жабылады

1)Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады:

- медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;

- азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;

- Тараз қаласының жедел штабы (тел: 43-15-16, 45-59-85) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;

- тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар.

2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады:

- жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру;

- азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;

- медициналық көмекке жүгіну;

- мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік мекемелерге бару;

- күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.

Бұл ретте, отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

4) Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.

5) Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сату пункттерін, ауыл шаруашылығы техникасына арналған автобөлшектерді, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөптерді өткізулерді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады.

6) Барлық қызмет түрлерін көрсету орындарының, оның ішінде: банк бөлімшелері және ломбардтар, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақ дөңгелек монтаждауға арналған жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, хайуанаттар парктерінің, мұз айдындарының, көрмелердің және қызмет көрсету саласындағы өзге де осыған ұқсас нысандардың жұмысы тоқтатылады.

7) Мейрамханаларға, дәмханаларға, барларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына "тұтынушыларға жеткізіп беру" режимі бойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

8) Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру, дайындық және дамыту орталықтарының қызметі тоқтатылады.

9) Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады.











ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды