- Басты
- Жаңалықтар
- Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
4 Тамыз, 2021 14:49
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.
Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
«Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
фото:
ҚазАқпарат мұрағатынан
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде

