• Басты
  • Табиғатты ірі көлемдегі айыппұлдармен сақтап қалмақпыз - эколог

Табиғатты ірі көлемдегі айыппұлдармен сақтап қалмақпыз - эколог

27 Қаңтар, 2021 17:02

Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдымызға қойған басым міндеттерінің бірі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа экологиялық кодекс күшіне енді. Қазақстанның экологиялық ұйымдар Ассоциациясының менеджері Әділов Төлебай Ақжігітұлы Strategy2050.kz тілшісіне жаңа кодекс туралы жан-жақты айтып берді.       

Төлебай Ақжігітұлы, жаңа Экологиялық Кодекстің мақсаты не?

Қазақстан егемендік алғаннан кейін Кеңес Үкіметінің кейбір заңдары өз күшінде еді. Сарапшылардың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдардың көбі декларативті болып келеді. Бұған дейін қоршаған ортаға тигізген залал үшін адамдар жазаға тартылмады. 1997 жылы Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңы қабылданды. Бірақ бұл Заң да кеңестік аналогтан ерекшеленбеді. Тіпті көшірмесі болды деуге болады. Қазір қоршаған ортаға қатысты өзекті проблемалар көбейген. Өйткені жыл өткен сайын ауаға орасан зор залал тигізетін кәсіпорындар, тұрмыстық қалдықттардың көбеюі, олардың қайта өңіделмеуі, қоқысты бөліп жинау мәдениетінің аздығы, бейберекет қоқыс алаңдары экологиялық проблемаларға әкелді. Мұндай келеңсіздікті реттеуге Экологиялық Кодекстің жаңартылуы аса қажет еді.

2000 жылдары Қазақстан экономикасында ірі металлургия комбинаттары пайда болды. Мұнай-газ кен орындарын игеру басталды. Бұл ірі кен орындарына қоршаған ортаны қорғауға қаржы құйғаннан гөрі айыппұл төлеу оңайырақ еді. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 20-дан аса халықаралық конвенция мен протоколдарды ратификациялады. 2005 жылы экологиялық кодекстің құжатын әзірлеу басталды. Онда халықаралық және әрекеттегі заңнама және 10 заңнамалық және 200 нормативтік-құқықтық актілер біріккен болатын. Олардың қатарында «Қоршаған ортаны қорғау» туралы ҚР Заңы, «Экологиялық сараптама» туралы, «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы және заңдық күші бар ҚР Президентінің жарлықтары бар еді.

Барлық құқықтық құжаттар бір ғана «Экологиялқ кодекске» бірікті. Документ артық тармақтарсыз шағын заңнама болып шықты. Онда рұқсат беру жүйесі, сараптама, экологиялық аудит, мемлекеттік бақылау – бәрі жазылды. Экологиялық заңнаманың бұзылғаны үшін айыппұл санкциялары көбейтіліп көрсетілді. Мысалы, кей жағдайларда әкімшілік айыппұл қоршаған ортаған тиген залал ретінде қарастырылды. Соныі нәтижесінде ірі өндіріс орындары экология мәселелеріне назар аудара бастады.

Уақыт өте келе Қазақстан бірнеше Конвенцияларға қол қойып ратификациялады, кейбір заңнамада ескерілмеген мәселелерді көрсету қажеттілігі туындады. Кодексте толықтырулар қалдықтарды басқару, климаттың өзгеруі, парниктік квоталар саудасы, қол жетімді технологияларды енгізу және т.б. өзгерістерді енгізе бастады. Әр бөлімнің, әр тараудың өзіндік стилі болды. Сонымен қатар, әр түрлі авторлар түзетулер енгізгендіктен олардың әрқайсысының мәселені сипаттау тәсілі әртүрлі және өзіндік көзқарасы болды. Нәтижесінде кодексті оқу қиынға соқты.

Сондықтан 2018 жылы экологиялық кодекстің жаңа идеясы пайда болды. Шын мәнінде, жаңа кодексте көп айырмашылықтар байқалмайды.Кодекске тағы да өзгерістер қосып кеңейтуге болады, мысалы, экологиялық сараптама тарауыға стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу, парниктік газдарды сату тетіктерін толығырақ сипаттау және ең қол жетімді технологияларды (НТҚ) енгізу. Сонда ғана кодекс ауқымды болады.

Жаңа кодекстің негізгі артықшылығы- бір стильде жазылған. Терминдер мен анықтамалары бар тарау жоқ, әр термин өз тарауында түсіндіріледі. НТҚ механизмі егжей-тегжейлі әрі нақты сипатталған. Стратегиялық экологиялық бағалау неғұрлым нақты жазылған. Климаттың өзгеруі және парниктік газдарды реттеу туралы тарауға өзгерістер енгізілді.

Заң жобасын талқылау кезінде ұсыныстар көп болды. Кодекске енетін әр сұраққа қатысты Экология министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы мен ҚР Мәжілісіндегі жұмыс тобының жиындарында ұзаққа созылған қызу пікірталас болатын. Қазақстанның экологиялық ұйымдаср Ассоциациясының ұсынысытары заң жобасының концепциясына, сонымен қатар Заңның өзіне де енді. Кейбір ұсыныстар қабылданбады.

Біздің Арал теңізі , Семей ядролық полигоны сияқты жаһандық проблемаға айналған мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарымыз өзгерістер мен түзетулер кезінде енеді деп сенеміз.

Жаңа экокодексте қала ішінде орналасқан зауыт, өндіріс орындарын басқа аймаққа көшіру туралы тармақ бар ма?

Кодексте бұл мәселе қарастырылмаған. Өндіріс орындарын көшіру мүмкін емес. Алайда, қолжетімді технологиялар механизмі толық көрсетілген. Яғни өндіріс орындарына қоршаған ортаға минимум зиян келтіретін технологияларды пайдалану міндеттелді. Мұндай кәсіпорындардың маңайында ауа таза болмақ. Мәселен Еуропаның дамыған елдерінде, АҚШ, Жапонияда заманауи ірі кәсіпорындар қаланың ішінде немесе қалаға өте жақын маңда орналасады. Бірақ олар табиғатқа залал келтірмеу үшін қажетті технологиялардың бәрін пайдалануға тырысады. Тағы бір мысал, Париж қаласының тарихи орталығында орналасқан қоқыс өртеу зауыты адамдарға да қоршаған ортаға да кері әсерін тигізбейді. Себебі, дұрыс технология бойынша жұмыс істейді. Кодекске сәйкес, егер кәсіпорындар қолжетімді технологияны пайдаланытын болса, оларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылады. Қазақстандағы зауыт-фабрикалардың көбі 50-60 жыл бұрын салынған. Қазіргі таңда ескірген. Батыс елдері өнеркәсіптеріне жаңа технология пайдаланылмаған өнімдерді шекарадан өткізу үшін қосымша баж салығын енгізді. Бұл батыстағы зауыттардың жаңа технологияға көшуіне ықпал етті. Экологиялық кодекс күшіне енгеннен бастап айналаның бәрі тап-таза болып кетеді деген ойдан аулақ болу керек. Кодекстің нәтижелері 7-10 жылда көрінеді. Еуропа бұл күресті 30 жыл бұрын бастап кетті, қазір ондағы экология біздегідей проблемалы емес. Кодекс бойынша алғашқы кезеңде Қазақстанның мұнай-газ, тау-металлургия, химиялық және эклектроэнергия саласында 50 кәсіпорынның технологиясы жаңартылады деп күтілуде. Жаңа кодексте стратегиялық экологиялық баға деген бар. Енді мемлекеттік, аймақтық деңгейдегі барлық жобалардың жоспары «стратегиялық экологилық баға» деп аталатын процедурадан өтуге міндетті. Мысалы, Үкімет пен әкімдік аймақ территориясында қандай да бір нысан, тұрғын үй, кәсіпорын салатын болса, қоршаған ортаға тигізетін зиянды жақстарын жан-жақты тексертіп барып, салуға кіріседі. Сонымен қатар, олар сол аумақта өмір сүретін тұрғындармен ойласып, денсаулыққа кері әсері бар-жоғын әбден тексертеді. Қоғамдық ұйымдар аталған нысанның құрылысын бақылап отырады, Егер қандай да бір заңбұзушылықтар орын алса, тиісті органға хабарлап отырады.

«Ластаушы төлейді» принципін Кодекс тілінде емес қарапайым тілмен түсіндіріп бересіз бе?

Мұны түсіну қиын емес: табиғатты ластадыңыз ба, сол үшін төлеңіз!

1972 жылы Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген «ластаушы төлейді» қағидаты өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін кәсіпорындар экологиялық залалды өтеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру бойынша шығындарды көтеруге міндетті дегенді білдіреді.

Экологиялық кодекс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі негізінде дайындалды. «Ластаған – төлейді» қағидасы бойынша табиғатқа нұқсан келтірген кәсіпорын шығынды өтеуі тиіс. Қоғамдық пікір міндетті түрде ескеріліп, белгілі бір өзгерістер енгізілуі мүмкін. Егер қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындар «жасыл» технологияларға көшетін болса, олар эмиссия үшін алынатын төлемдерден босатылуы мүмкін.

Ластаушылар қоршаған орта сапасының нормативтеріне сәйкес, оңалтуға бағытталған іс-шаралардың барлық шығынын көтеруге тиіс.

Жаңа кодексте «ластаушы төлейді» қағидаты қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шараларды, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру жауапкершілігін білдіреді. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларын экологиялық айыппұл төлеуден гөрі қоршаған ортаға теріс әсердің алдын-алу үшін тиісті шараларды орындауға міндеттейді. Қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жоғары айыппұлдар төлеу жазасы бекітілді. Бұл принцип ескі кодексте де болған, алайда қазір ол сәл кеңейтіліп, нақтыланды.

Қарапайым сөзбен айтқанда, компания өз қаражаты есебінен тазарту құрылыстарын салып, сүзгілерді орнатып, қоршаған ортаның ластануын болдырмауы керек.

Кодексте бұқаралық ақпарат құралдары арқылы экологиялық тәртіп бұзушылық және шағымдар фактісі бойынша кәсіпорынды тексеру туралы алдын ала хабарландыру ережесі алып тасталған, бұл уәкілетті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаға залалды тоқтатуға және шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экологиялық құқық бұзушылық үшін салынатын әкімшілік айыппұлдар 10 есеге арттырылады.

Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының жобасында қалдықтардың 5 сатылы иерархиясы және оларды өңдеудегі міндетті «кезеңдік» енгізілген, яғни бұл: пайда болудың алдын алу/азайту – қайта пайдалану, өңдеу, кәдеге жарату – жерге көму. Қалдықтарды жіктеу қауіпті емес және қауіпті қалдықтарды қамти отырып, Еуропалық қалдықтар каталогына сәйкес жасалады.

Табиғатқа зиян келтіргендерді қандай жаза күтіп тұр?

Бізге киім де керек, тамақ та, үйге жарық, жылу бәрі керек. Оның бәрін өндірген кезде ауаға қалдықтар мен түтін бөлінеді. Сол үшін әр өнеркәсіп кологиялық төлемдерді мемлекет бюджетіне төлейді. Әр өнеркәсіпке нормаға сай белгілі бір деңгейде қалдық шығаруға рұқсат беріледі. Алайда, өндіріс орны норманы бұзса, қалдықтарды рұқсатсыз төгетін болса, әкімшілік айыппұлдың көлемі 10 есе өседі және оны төлеу міндетті болмақ. Арнайы технологиялары жоқ кәсіпорындар 2025 жылдан бастап 5 еселенген айыппұл төлейді. Сол кезде үлкен мөлшердегі айыппұл төлегеннен қоршаған ортаға зиянды азайтатын арнайы технолология сатып алған кәсіпорын үшін тиімді болады. Егер тұрғындар заңсыз талдарды кесетін болса, әр түп ағаш үшін 100 АЕК айыппұл төлейді. Ерекше қоршалған аймақтарда талдарды кесетін болса, 150 АЕК айыппұл төлейді. Егер айыппұл мөлшері 100 АЕК асса, қылмыстық жауапкершілік болып саналады. Осындай ірі көлемдегі айыппұлдар арқылы табиғатты сақтап қалмақпыз.

Төлебай Ақжігітұлы, Жаңа Экологиялық Кодексті егжей-тегжейлі түсіндіріп бергеніңізге рақмет!


Барлық жаңалықтар