• Басты
  • Тағы бір адам коронавирусқа шалдықты– Е.Біртанов
13 Наурыз, 2020 17:51

Тағы бір адам коронавирусқа шалдықты– Е.Біртанов

Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Тағы бір адам коронавирусқа шалдықты– Е.Біртанов
«ҚР шетелден келіп жатқан азаматтарды үш топқа бөліп мониторингке алып жатыр. Топтардың ішінде 1786 азамат мониторингке алынған. Оның арасында А топ пен 1270 азамат карантинге жатқызылып, Б категориясы бойынша 248 азамат үйлерінде медицина қызметкерлірінің бақылауында. Өткен тәулік бойынша 361 адам мониторингтен алынды.Қазір 1425 азамат мониторингте, оның ішінде 938 азамат карантинде жатыр», - деді ол.

Министр үшінші науқас анықталғанын айтты.

«12 наурыз күні Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға қаласынан келді. Әйел адам. Лабораториялық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықтылды. Бұл азамат әуежайдан тікелей карантинге жабылды. Сол бортпен 90 жолаушы келді, олар бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Ең алдымен оларға тізім бойынша хабарласып, карантинге алу жүзеге асырылады», - деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар, министр қалыпты рейстермен келетін жолаушылар стандарттық борттан түсіру әрекетімен жүзеге асырылатынын айтты. 

"Осыған дейінгі жолаушылар  бойынша біз тізімді жасадық. 73 жолаушы. 41 адам ҚР азаматы, қалғаны өзге елдің азаматтары. Оның ішінде Германиядан көп бөлігі,16 азамат өзге елдерден келген,  Қырғызстан азаматтары жоқ. Мәскеуден 12-наурыз келген бортта 90 жолаушы болған, 37 азамат ҚР азаматы, 42 азамат Ресей азаматы, өзге мемлекеттерден келгендер саны  11. Аталған жолаушы Италиядан келген. Ол біртен карантинге жатқызылып, сараптама бойынша коронавирус қорытындысы шығарылды. Бұл коммерциялық рейс, тұрақты емес", - деді ол. 
Министр Қазақстанға ұшып келетін азаматтарды госпитальдандыру бойынша, 12-наурыздағы тәртіп бойынша бірқатар елдер азаматтарына шектеу қойылғанын айтты. 

"Олар бортқа отырмайды. Алдын ала ескерту жасалды. Ал өзге елдер азаматтары бойынша, бірінші категориядағы азаматтарға ондай шектеу жоқ. Қазақстан азаматтары да ұшып келген соң  анкета толтырады. Шекара қызметкерлерімен бірлесіп, біз олардан сұраймыз. Олар бірінші категориялы Италия не Кореядан ұшып келген болса, олар әуежай изоляторында қаралып, кейін карантиндік стационарға жіберіледі. Кейде   азаматтар ондай ақпараттарды жасырады. Ондай оқиғалар тіркелді. Бізде паспорт мәліметтері бар. Осы бойынша жұмысты жүргізіп жатырмыз, - деді Е.Біртанов. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды