• Басты
  • Тәжірибе мыңдаған кеңестерден пайдалы - Дьердь Сабо
20 Қыркүйек, 2019 16:26

Тәжірибе мыңдаған кеңестерден пайдалы - Дьердь Сабо

Нұр-Сұлтанда өткен симуляциялық жаттығулардың басты назарында бүкіл Қазақстаннан келген дағдарыс жағдайында келіссөз жүргізушілердің әлеуетін арттыру болды,деп хабарлады  Strategy2050.kz.
Тәжірибе мыңдаған кеңестерден пайдалы - Дьердь Сабо | Strategy2050.kz

Іс-шара ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі, Нұр-Сұлтандағы Израиль елшілігі, Қазақстанның Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған бес күндік оқу семинарының қорытынды кезеңі болып келді.

Курсты израильдік полиция сарапшылары кепілдікке алу секілді дағдарыс жағдайына жауап беруде мемлекеттік қызметкерлерді оөыту және келіссөз процесін басынан аяғына дейін басқару мақсатында жүргізді. Тақырыптар қатарында белсенді тыңдау, жедел әрекет ету, келіссөздер топтарының құрылымы, уақытты басқару, келіссөздерде ақпарат жинаудың тактикалық рөлі, байланыс құралдары, үшінші тараптар және үйлестірілген жауапты ұйымдастыру болды. Бұл сессиялар израильдік полицияның тәжірибесінде болған нақты істерге негізделген техникалық талқылаулар мен практикалық жаттығулармен толықтырылды.

 «Тәжірибе мыңдаған кеңестерден пайдалы болып келеді, әсіресе дағдарыстық жағдайларға тап болған кезде. ЕҚЫҰ қауіпсіздік мәселелерінде тәжірибе алмасуға әрдайым жәрдемдесуге ұмтылады және Израиль полициясы осы күш-жігерде тамаша серіктес болып табылды. Осы іс-шара арқылы біз Қазақстан бойынша дағдарыстық жағдайлардағы келіссөз үдерістеріндегі қауіпсіздікті арттыруға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз», - деді ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Басшысы Елші Дьердь Сабо.

Сондай-ақ, Израиль мемлекетінің ҚР-дағы Елшісі Лиат Вексельман тренинг екі жыл қатарынан өткізіліп келетінін айтты.

«Израиль мемлекеті Қазақстанмен, Орталық Азиядағы біздің жақын одақтасымыз және әріптесімізбен, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Атап айтқанда, Израильдің құқық қорғау органдары ақпарат алмасуға, дағдарыстар мен келіссөз процестерін басқару бойынша өзінің жоғары білікті және алынған тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ қазақстандық әріптестермен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын. Бүгінгі тренинг екі жыл қатарынан өткізіліп келеді және де бұдан әрі жыл сайын жүйелі түрде семинарлар өткізу жоспарларымызда бар», - Израиль мемлекетінің ҚР-дағы Елшісі Лиат Вексельман.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры Ергали Мерзадинов келіссөздер жүргізу қызметкерлерден тұрақты тренингтермен және оқытумен қол жеткізілетін жоғары кәсіпқойлықты талап ететінін айтты.

 «Адамдармен келіссөздер өткізу бұл өте күрделі, эмоционалды шиеленісті және жауапты процесс болып табылады. Ол қызметкерлерден арнайы білімді, шеберлік пен дағдыны, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін көрсетуді және интуитивтік және логикалық әрекеттердің оңтайлы үйлесімін талап етеді. Өткен жылғы іс-шарадан алынған білім тәжірибеде қолданылды және стратегиялық құжаттарға енгізілді. Биыл біз осы тәжірибені жалғастырудамыз және израильдік келіссөзшілерге біздің прокурорлар, полиция қызметкерлері және Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері үшін іс-шара өткізуді ұсындық», - деді ол.

Іс-шара терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдандыруға қарсы әрекет ету жөніндегі ЕҚЫҰ көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды