• Басты
  • Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады
13 Мамыр, 2020 15:02

Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады

Биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты түйе індетіне сынақ өткізіп, оған қарсы вакцина шығаруға кірісті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады

Бұған дейін хабарлағанымыздай,  «Ветеринарлық медицинаның ұлттық анықтамалық орталығы» РМК зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде түйе індетіне байланысты карантин енгізілді.

       Түйелер арасында індет жоқ, алайда жануарлар оқшауланып, әкімдіктердің ветеринария бөлімдері мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жіті бақылауына алынды.

Індет анықталған орындарда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, отандық биология және биотехнология мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты сынақтар өткізіп, түйе жұқпасына қарсы вакцинаны іске қосты. Заңнамаға сәйкес оны тіркеуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүзеге асырады.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды