- Басты
- «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетілуде
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетілуде
Тұңғыш Президент күніне орай білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Тәуелсіздіктің өткен 29 жылы – бұл күрделі реформалар мен шешімдердің кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстанды кеңестік перифериядан халықаралық аренада кеңінен танымал нарықтық экономикасы бар заманауи мемлекетке айналдырды. Бұл жол Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен өтті. Ол бірінші басшы ретінде жауапкершілікті өз мойнына алып, тағдырлы шешімдерді қабылдады.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бастады. Олардың негізінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және кураторлық сабақтар өткізіледі. 2,8 млн.астам мектеп оқушыларын және жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 мыңнан астам студенттерін қамту жоспарлануда. Сонымен қатар іс-шаралар онлайн режимде де өтеді.
Басты мақсат – өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын жеткізу.
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» жобасының негізіне Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тап болған жеті негізгі сын-тегеуріндер алынған. Елбасы 2019 жылғы 21 маусымда өткен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінде оларды атап өтті. Ұлт пен тұтастай мемлекеттің табысты болашағы оларды еңсеруге байланысты болды. Бұл – нарықтық экономиканың қалыптасуы, мемлекеттік шекараларды айқындау және халықаралық интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар және Арал проблемасын шешу, жаңа Астананың құрылысы, транзиттік әлеуетті іске асыру, демографиялық проблемаларды еңсеру.
Жас Қазақстанның басты жеті сын-қатері Тұңғыш Президент реформаларының арқасында тәуелсіздіктің басты жеті жетістігіне айналды және қазақстандық даму жолының бірегейлігін айқындады. Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.
Бұл фильмдер «Астана» телеарнасының ұжымымен түсіріліп, Елорда күніне орай эфирде көрсетілген болатын.
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
-
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет
-
IX Азаматтық форумның ерекшеліктері
-
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады
-
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі
-
«Меморгандардан ақпарат алу қиын, бюджет қаражаты туралы мәлімет қолжетімсіз». Журналистер назы

