• Басты
  • Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші
13 Желтоқсан, 2019 17:16

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтулы мерекемен құттықтады.



 Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші

«Бұл күннің барша қазақстандықтар үшін өте маңызды екенін білемін.Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті. Ол әлеуметтік-экономикалық, саяси-демократиялық салаға да қатысты. Барша қазақстандықтар бұл жетістіктерді мақтан тұта алады. Қазақстанның өзге посткеңестік елдерге қарағанда жағдайы мүшкілдеу еді. Алайда, Елбасының салиқалы саясаты мен оның саяси көрегендігінің арқасында Қазақстан қарқынды және жедел дамудың даңғыл жолына тұрды». – деді Ч.Сяо.

Сонымен қатар, елші бүгінде Қазақстан еуразия континентінде гүлденген, тұрақты және қарқынды дамып жатқан елдердің бірі екенін айтты. 

«Бұл жылдары Қазақстан халықаралық аренада да бейбітсүйгіш, есепті, жауапкершілігі мол ел ретінде мәртебе жинады. Ол өңірлік саяси үрдістердің шешілуіне де белсенді үлес қосты. Мәселен, Астана үрдісі аясында келіссөздерге алаң ұсынды. Айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Ашық аспан, бақыт, тұрақтылықты тілеймін», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар