- Басты
- Төтенше жағдай кезінде жалдама құнын төлемедік – Нұрсұлтан Сәкенұлы
Төтенше жағдай кезінде жалдама құнын төлемедік – Нұрсұлтан Сәкенұлы
21 Мамыр, 2020 14:18
18 мамырда төтенше жағдайдың екі айынан кейін көптеген нысандар жұмысқа кірісуге рұқсат алды. Оның ішінде ірі сауда орталықтары да бар. Дүкені сауда орталығында орналасқан кәсіпкер Нұрсұлтан Сәкенұлы ТЖ кезінде әкімшілік жалдама құнын сұратпағанын айтты, деп хабарлады Stratеgy2050.kz тілшісі.

«Менің шағын кәсібім «Еуразия» сауда орталығында орналасқан. Яғни, сауда орталығының жалға алушысымын. Автомобиль бөлшектерін саудалайтын дүкеніміз 18 мамырда сауда орталығы ашылған соң жұмысқа кірісті. Елде жарияланған 2 айлық төтенше жағдайдан кейін шағын және орта бизнес өкілдері үшін көптен күткен қуанышты жаңалық осы болды. Бұл отбасылық бизнес болғандықтан, осы уақыт аралығында басқа табыс көзі болмады. Тек, мемлекет тағайындаған 42500 әлеуметтік төлемді алдық», - деді Нұрсұлтан Сәкенұлы.
Кәсіпкердің айтуынша, сауда орталығы ашылған соң оның әкімшілігі санитарлық талаптарды сақтауға үлкен жауапкершілікпен қараған.
«Келушілердің барлығы маскамен кіруге міндетті. Орталық ашылса да, адамдар саны көп емес. Демек, әлі де адамдар қоғамдық орындарда жүруге сескенеді. Орталыққа кіреберісте антисептиктер тұр. Жалға алушыларды да әкімшілік өз дүкендерінде антисептик қоюға міндеттеді. Маска мен қолғаптардың болуын да ескертіп айтты. Әрбір бұрылыста адамдар 1,5 метр арақашықтықты сақтау қажеттігі бойынша ескерту тақтайшалары бар», - деді ол.
Нұрсұлтан Сәкенұлы атағандай, төтенше жағдайда дүкен жұмыс істемей тұрған кезде әкімшілік жалға алудың ақысын сұрамаған.
«Сауда орталығының әкімшілігі 2 ай төтенше жағдай кезінде жалдама құнын төлетпеді. Бұл шағын әрі жас бизнес үшін айтырлықтай көмек деп ойлаймын. Бұл мәселеге объективті қарау, себебі дүкендердің өздерінде табыс болмай, жұмыс тоқтап тұрған еді», - деді ол.
автор:
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар

