• Басты
  • Төтенше жағдай 2020 жылғы 1-мамырға дейін ұзартылды
14 Сәуір, 2020 16:33

Төтенше жағдай 2020 жылғы 1-мамырға дейін ұзартылды

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 2020 жылғы 1-мамырға дейін ұзартылды

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                                                Қ. Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 сәуір

№ 306

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100