- Басты
- Т.Сұлтанғазиев: Коронавирустың екінші толқынын болжау қиын
Т.Сұлтанғазиев: Коронавирустың екінші толқынын болжау қиын
Коронавирустың екінші толқынын болжау қиын. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сондай-ақ Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлады Strategy 2050.kz тілшісі.

"Коронавирустың екінші толқынын болжау қиын. Өйткені бұл жаңа вирус. Оны нақты айту да оңай емес. Мұны бақылауда ұстап, үнемі қарастырып отыруымыз керек. Кейбір мемлекеттерде ауырғандардың қайтадан көбейгені байқапады. Қазақстанда соны болдырмау үшін біздің азаматтар карантиндік шараларды дұрыс сақтау қажет. Сонымен қатар айта кету керек, елдегі мейрамхана мен кафелердің қашан ашылатыны әзірге білгесіз. Ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты", - деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар Тимур Сұлтанғазиев індетке шалдыққан 6 науқастың жағдайы өте ауыр екенін, ал 7 сырқаттың жасанды демалу аппаратына қосылғанын атап өтті.
"Бүгінге дейін 1279 науқас емделіп шықты. Қазіргі таңда 2897 ем алушы стационарда жатыр.Оның 85 пайызының жағдайы қалыпты, ал 14 пайызының жағдайы орташа қалыпты, 25 сырқат ауыр жағдайда, ал 6 науқастың жай-күйі өте ауыр. Ал 7 науқас жасанды дем алу аппаратына қосылған. Бірақ осы эпидемия басталғалы бері жасанды дем алу аппаратына қосылған 16 науқас емделіп шықты. Жалпы 69 сырқат жан сақтау бөлімінен арнайы палатаға ауыстырылып, жазылып шықты", - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, карантин мерзімін ұзарту мәселесі Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауында.
"Егер өсу көрсеткішіне қарайтын болсақ, қазір бізде жұқтырған адамар саны азайып, төмендеу тенденциясын көрсетіп отыр. Сәуір аында орташа көрсеткіш 15-16 пайызды құрады, соңғы екі аптада ол 7 пайыздан аспайды, ал соңғы 3 күнде 4 пайыздан асқан жоқ. Қазақстанда карантинді ұзарту мәселесі Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауындағы мәселе. Карантинді режимнен шығудың нақты критерилері бар. Оған жету үшін халық Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды орындауы керек", - деді комитет төрағасы.
Бұдан бөлек баспасөз мәжілісіне қатысқан "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп Үндістаннан келген вакциналардың сапасы нашар деген қауесетке жауап берді.
"Үндістаннан міндетті қолдану керек вакцинаның үшеуін аламыз. Оның біреуі - АДСМ, екіншісі - қызылша мен паратиттің алдын алу үшін және үшіншісі - туберкулезға қарсы вакцина. Оны өндіруші Үндістандағы Серум институты. Үш вакцина да Денсаулық сақтау ұйымының алдын ала тексерісінен өткен. Өзінің арнайы сертификаты бар. Әлемде 70-те астам мемлекетте қолданылады. Біз алдын ала тексерістен өткен вакциналарды алып жатырмыз", - деп атап өтті басқарма төрағасы.
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда
-
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
-
«Меморгандардан ақпарат алу қиын, бюджет қаражаты туралы мәлімет қолжетімсіз». Журналистер назы
-
Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме
-
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстанда балалар арасында вирустың таралу деңгейі қандай
-
Коронавирустан жоғалған иіс пен дәм сезуі қалпына келмеген адам көп – терапевт
-
Симптомсыз коронавируспен ауырғандарға ем тағайындалмайды - эпидемиолог
-
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы
-
COVID-19: Пандемия екінші толқынының шарықтау шегі қарашаның екінші жартысында болуы мүмкін
-
Коронавирустың екінші толқыны: Үкімет дайындықты күшейтті
-
Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі

