• Басты
  • Тәртіп бар жерде береке бар – әскери міндетті
27 Сәуір, 2020 11:03

Тәртіп бар жерде береке бар – әскери міндетті

Әскери міндеттілер қатарына өз еркімен қосылған Ибрагим Ескендір карантин кезінде қандай іс-шаралар жүзеге асырылатыны туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Тәртіп бар жерде береке бар – әскери міндетті
«Әлемде болып жатқан жағдай қай елге болсын оңай емес.Оның ішінде біздің де елімізге қиын-қыстау сәт туындап жатқан жағдайда елдің атқар мінер, қамшы ұстар азаматтары бірігіп, өз көмегіміз тисе екен деген ниетпен әскери міндеттілер қатарына қосылдық. Хаттама бойынша біз тұрғын үйлердің кіреберісінен бастап, баспалдақтары, лифтілер, пәтераралық алаңдар, есік тұтқалары, балалар алаңдарын залалсыздандыру жұмыстары мен өзге қоғамдық, ұйымдастыру жұмыстарын атқарамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол әскери болғаннан кейін ерте тұру қажеттігін атап өтті.

«Кешке дейін жұмыс. Келген жігіттердің барлығы жүрегінде отаншылдығы бар, елім деген азаматтар болғаннан кейін жұмыс істеп уақытымыз өтеді. Сынақ келген кезде елдің бірлігін көрсетуіміз керек. Қазір күрделі сәтте мемлекеттің аяққа тұрып кетуіне әрбір азамат үлес қосуы керек деп ойлаймын. Әскери міндеттілердің ішінде басым бөлігі өз еркімен келген азаматтар», - дейді Ибрагим Ескендір.

Ол атап өткендей, «Би екеу, дау төртеу» ымыра кеткен жерде, елден береке қашады. Осындай сәтте қазір елімізге тек қана бірлік, ынтымақ қана керек.

«Әрбір азамат қиын-қыстау сәтте саптан табылу керек деп ойлаймын. Взводта небір мықты азаматтар бар. Арасында жігіттермен бірге дайындықтар өткіземіз,білгенімізбен бөлісеміз. Спорттың көмегі өте көп. Бойыңда физикакалық дайындық болса, шаршамайсың, жұмыс істейсің», - деді ол.

И.Ескендір карантин жарияланғаннан кейін отбасы мен туған-туыстары барлық талаптарды сақтап, үйде отырған.

« Үйде жаттығулар жасап, челлендж жарияладық. Бауыржан атамыз айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмас», тәртіп бар жерде береке бар. Барлық тәртіпті сақтасақ, бұл індеттен тезірек құтыламыз деген ойдамын. Тәуелсіз елміз, өз еліміз, өз жеріміз бар. Қандай күнде болмасын, елге қызмет етіп, халқымызбен бір болу керек. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау керек», - деп түйіндеді ол.


Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100