• Басты
  • Түркістандық науқастар мейірбикелердің төл мерекелерімен құттықтады
12 Мамыр, 2020 13:38

Түркістандық науқастар мейірбикелердің төл мерекелерімен құттықтады

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні. Биыл ақ желекті абзал жандар айтулы күнді карантин режимінде өткізуде. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтап келіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


 Түркістандық науқастар мейірбикелердің төл мерекелерімен құттықтады

Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. 30 жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы коронавируске шалдыққан науқастармен бірге.

«Мен үшін бір науқастың болса да ауруын жеңуге үлесім тисе, бұдан асқан марапат жоқ»,-дейді қауіпті індетпен күрес алаңында жүрген абзал жан.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов әр мейірбикеге құттықтау тілегін жеткізді. 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар 120 орта буын қызметкерге құрмет грамотасы табысталды.

Жалпы, облыста 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар. 10 мың медбике ауыл халқының саулығына жауапты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды