• Басты
  • Түркістандық іскер әйелдер мұқтаж жандарға азық-түлік таратты
16 Сәуір, 2020 14:47

Түркістандық іскер әйелдер мұқтаж жандарға азық-түлік таратты

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл ретте Nur Otan партиясы халыққа қажетті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жиынтықтарды үлестіруді бастап кетті, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Түркістандық іскер әйелдер мұқтаж жандарға азық-түлік таратты

 Мұндай көмек әсіресе Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатыр. Аталған акция Түркістан облысында қызу қарқында жүзеге асуда.

Түркістандық іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясына барынша үлестерін қосуда. Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты. Нәзік жандылар Түркістан қаласымен қатар Отырар ауданы мен Құмтүйін елді-мекені тұрғындарның шарапатына бөленді. Қауымдастық мүшелерімен қолға алынған игілікті іске ерікті жастар қолғабыс жасаса, акцияға Бас партия мүшелері мұрындық болды.

Елге қауіп төнген кезде осынау дерттен айығуға дем болатын сауапты іске атсалысу - әрбір азаматтың парызы, деп санайды түркістандық іскер ханымдар. Сондай-ақ олар басқа да кәсіпкерлерді қайырымдылыққа атсалысып, қиын-қыстау сәтте қиналған жандарға қол ұшын беруге шақырды. Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Өңірдегі ең жас іскер ханым - 26 жаста.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды