• Басты
  • Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды
13 Желтоқсан, 2019 10:26

Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы «Отырар» ықшам ауданында тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев түркістандықтарға ыстық лебізін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.
 Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды

Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың саны артып келеді. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қадағалауымен биыл 35 елді мекенге газ қосылды. Жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық ауылға табиғи газ тартылады.

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін Түркістан қаласының тең жартысы, яғни, 20 000 абонентке газ қосу жоспарлануда. Осылайша шаһардағы тұрғын үйлер 56% газбен қамтылады.

2020 жылдың соңына дейін Түркістан қаласы көгілдір отынмен 100 пайыз қамтылатын болады. Бұл жұмыстар  «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен бірлесе жүргізілуде. Өңірді жүйелі түрде газдандыру мақсатында, 500-ге жуық елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік беретін қосымша жалпы сметалық жобалар әзірленуде.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды