- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда "SMART-МЕКТЕП" жобасы қолға алынды
Түркістанда "SMART-МЕКТЕП" жобасы қолға алынды
Түркістанда "SMART-МЕКТЕП" жобасы қолға алынды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласындағы 3 бірдей оқу орнында «Smart-мектеп» жобасын енгізуді қолға алды. Жобаның мақсаты - мектептегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, оқу ордасындағы жүйелерді автоматтандыру.
Мәселен, Түркістандағы №10 Әл-Фараби атындағы және №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептері мен №31 Бастауыш мектеп және №27 IT-лицей мектебіне жаңа құрылғылар қойылды. Атап айтқанда, оқушылардың кіруін бақылау үшін турникеттер мен электронды құлыптар, бейнебақылау.
Бұдан өзге, алдағы уақытта мектептерге енгізілетін шкаф-локерлер - мектептің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушыларға карта не білезіктер тарқату жоспарлануда. Олар – оқушылардың келіп-кетуін электронды есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Ата-аналар сайтта отырып-ақ балаларының мектепке кіріп-шыққан уақытын көре алады, сондай-ақ осы сервистерді қосылған жағдайда SMS-хабарлама да ала алады.
Сонымен қатар, аталған мектептерге қазіргі таңда оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында техникалық пәндерді оқытуға арналған «Stem Panel» жүйесі орнатылып, мектеп мұғалімдеріне және Түркістан қалалық барлық мектеп директорларына панелдердің фукционалдық артықшылықтарымен таныстыру үшін арнайы семинарлар өткізілген.
Сондай-ақ, басқарманының бастамасымен Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектепке «InCraft» ЖШС-ң демеушілігімен IT-сынып ашылды. Онда оқушылар ең үздік әдістемелер бойынша бағдарламауды тереңдетіп үйренеді. Жоба - техникалық және инженерлік мамандықтарға оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Айта кетерлігі, пилоттық жобада, метептердің қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы 8 мектеп, Арыс қаласындағы 5 мектеп бейне-камералармен жабдықталды. Қазіргі таңда жергілікті полиция пунктеріне интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстағы барлық мектептерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бейне-камераламен қамту жоспарлануда.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы