• Басты
  • Түркістанда мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
10 Сәуір, 2020 11:24

Түркістанда мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды.Осыған орай, түркістандықтар облыс аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда, деп хабарлады Strategy2050.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.


Түркістанда мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

«Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар аудан, қалалардың белсенді жастары атсалысуда.

Атап айтқанда: Отырар ауданының ерікті жастары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп 5 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй шаруаларына көмектесті. Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы қарт кісілерге медициналық құрал-жабдықтар мен бір реттік азық-түліктер жеткізілді. Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері елдімекендердегі әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға 17,5 тонна ұн мен 1.75 тонна күріш, 1.75 тонна өсімдік майын таратуда.

"Қиын кезеңде біз сияқты қариялар мен мұқтаж отбасыларға қол ұшын созу - азаматтық іс. Бұл - бірліктің айқын көрінісі", деген Қазығұрт ауданының ақсақалы Алиев Сатыбалды қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Бұл челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізуде.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды