- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда күрделі жөндеуден өткен саябақ ел игілігіне берілді
Түркістанда күрделі жөндеуден өткен саябақ ел игілігіне берілді
Түркістан қаласында күрделі жөндеуден кейін толықтай жаңа кейіпке енген "Жеңіс саябағы" пайдалануға берілді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.
"Тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы киелі шаһарымыз - Түркістан күн санап көркейіп келеді. Жаңа жыл қарсаңында ел игіліне берілген жаңа саябақ аз ғана уақыттың ішінде жаңа кейіпке еніп, тас жолдар төселіп, айналасы абаттандырылды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді халық серуендейтін сүйікті мекенге айналары сөзсіз. Баршаңызға қуанышты бөлісуге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Келер жыл да халқымызға құт-береке, бейбітшілік, жанұяларыңызға шаттық әкелсін! Ынтымақ пен бірлік аясында еліміздің одан әрі дамуы жолында біркісідей еңбек етейік", - деді облыс әкімі.
Біраз жылдар қаңырап бос тұрған үлкен аумақ, аз ғана уақыттың ішінде адам танымастай жаңаша кейіпке енді. Күрделі жөндеуден өткен "Жеңіс саябағында" көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 3000 шаршы метрге гранитті төсегіштер төселді. 2500 ағаш отырғызылып, айнала толық түрлі-түсті шамдармен жарықтандырылған.
Сондай-ақ шахматтық дизайнда құрғақ фонтан салынып, тас жолдар төселіп, жастарға арналған заманауи скейт - парк пен футбол алаңы іске қосылды. "Жаңа жыл-жарқын бастама" атты ерекше думанды кешке ұласқан мерекелік кеште еліміздің танымал әншілері Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков, Сара Амангелді мен "Сарын", Alem Band топтары өнер көрсетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді

