• Басты
  • Түркістанда екі отбасына табиғи газды тегін қосып берді
20 Мамыр, 2020 10:59

Түркістанда екі отбасына табиғи газды тегін қосып берді

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
 Түркістанда екі отбасына табиғи газды  тегін қосып берді

Жалпы, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс, қала әкімдіктері газ таратушы мекемелерімен бірлесіп тұрғындарға табиғи газ жүйесіне қосылу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса, қатты отын пайдаланатын барлық моншалар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру көзделіп отыр.  Бұл бағытта да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік және кәсіпкерлік 9 нысан табиғи газға ауыстырылған.

Облыс орталығын газдандыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылған.

і

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100