- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады

Рақымбек Жолаевтың айтуынша, пандемия қаупіне байланысты биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуінде сақтық күшейтіледі.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Өткізу ережесі бұрынғыдай. Дегенмен әр аудиториядағы тестілеуге қатысушылар саны 2 есеге азаяды. Мысалы бұрын әр партада бір түлек тест тапсырса, енді екі метр көлемінде ара-қашықтық сақталады. Барлық тест өткізу пунктері жылу тексергіш құралдарымен, жедел жәрдем пунктерімен, дезинфекциялау туннельдерімен, санитарлық тазартықшармен, респираторлық маскалармен, қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге 3-4 маусым күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып, түлектер үшін мектеппен қоштасу салтанатты іс-шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Мектептің ауласында қысқа ғана уақытқа созылатын жиынға сынып жетекшісі мен бірнеше ұстаз және шектеулі деңгейде ата-аналар ғана қатыстырылады. Қатысушылар түгел маска киіп, ара-қашықтықты сақтауы тиіс. Түлектердің өміріндегі ерекше сәтке арналған іс-шара өтуі тиіс ойлаймын», – деді ол.
Биыл Түркістан облысы бойынша 11 сыныпты 24658 оқушы бітірді. Коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ-ға өтініш беру рәсімі онлайн және дәстүрлі түрде жүргізілді. Облыс бойынша тестілеуге 24658 бітірушінің 18634-і өтініш берді. Бұл жалпы түлектердің 75,5 пайызын құрайды. Бір айта кетерлігі, өтініш берушілер саны 7 пайызға көбейген. Былтыр түлектердің 68,8 пайызы тестілеуге қатысуға өтініш берген болатын. Яғни, қауіпті індет түлектердің білімге деген құлшынысына кедергі келтіре алмаған.
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған 15 пункт әзірленген. Шалғай ауылдарда тұратын 11200 оқушыны ҰБТ өткізу орындарына тасымалдау үшін тиісті қаржы қаралған. Облыста көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін мемлекет тарапынан қосымша гранттар да қаралады. Ол үшін әрбір түлек ең төменгі 50 баллдан жоғары жинауы тиіс.
Басқарма басшысы облыс аумағын кең жолақты интернетпен толық қамтамасыз ету бағытында жұмыстар басталғанын, егер пандемия жалғасқан жағдайда әрбір ата-ана балаларын қажетті құрылғылар – смартфон, планшет, ноутбукпен қамтамасыз етуге күш салулары керектігін айтты.
«Біз 1 қыркүйекте дәстүрлі оқу жүйесіне көшіп, оқу жылын мектептерде қарсы алуға үміттеніп отырмыз. Карантин тоқтаса, оқушыларымызды жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберуге де дайынбыз. Демалыс орындары сақадай-сай. Бірақ қауіпті індеттің таралуы тоқтамаса, қашықтықтан оқытуға мәжбүр боламыз», - деді Р.Жолаев.
Жалпы партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшалары арқылы эфир 2 мыңнан астам қаралым жинап, 100-ден астам сұрақ қойылды. Басқарма басшысы олардың бірқатарына сол мезетте жауап берсе, қалған сұрақтар бойынша да тиісті жұмыстар атқарылады.
-
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті
-
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады
-
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады
-
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
Шығыстың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлиханов
-
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады
-
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді
-
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
-
Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледж түлектері тартылады

