• Басты
  • Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді
22 Мамыр, 2020 14:31

Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Түркістан мен Кентау қалаларында «SOLAR kz» ЖШС-ның кірме жолдар қызметінің тарифі төмендетілді, деп хабарлады Strategy2050.kz ҰЭМ-ге сілтеме жасай отырып.

Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді

Аталған шара Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды, бекітілген тарифтің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты тарифтік сметадан инвестициялық (амортизация) құрамы алынып тасталды.

Тариф 254,08 теңге-вагон/км-ден 237,35 теңге-вагон/км немесе 6,58%-ға төмендетіліп, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Барлық жаңалықтар